06.06.2013, 12:16 18923

Астана-Алматы темір жолы бюджет үшін өте қымбатқа түседі

Аса қомақты мөлшерде капитал талап ететіндіктен "Астана-Алматы" жүрдек темір жол магистралі жобасын жүзеге асыру тиімсіз.

Астана. 6-маусым. Kazakhstan Today - Астана-Алматы темір жолы бюджет үшін өте қымбатқа түседі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Аса қомақты мөлшерде капитал талап ететіндіктен "Астана-Алматы" жүрдек темір жол магистралі жобасын жүзеге асыру тиімсіз.

Бұл туралы бейсенбі күні "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

"Президенттің тапсырмасы бойынша қосымша сараптама жүргізілді. Жобаның қымбаттығы мен аталған бағыттағы тасымалдарды әуе көлігі арқылы жүзеге асыруға болатынын ескере отырып, "Астана-Алматы" темір жол магистралі жобасы тиімсіз деген қорытынды жасалды", - делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны