24.06.2014, 20:42 3345

Астана-Атбасар, Шымкент-Қызылорда жолдары ақылы болады - Ж. Қасымбек

Астана-Атбасар, Шымкент-Қызылорда жолдары ақылы болады, деп ОКҚ баспасөз отырысында көлік және коммуникация министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.

Алматы. 24 маусым. Kazakhstan today. Астана-Атбасар, Шымкент-Қызылорда жолдары ақылы болады, деп ОКҚ баспасөз отырысында көлік және коммуникация министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.

"Өздеріңізге мәлім болғандай, Астана-Щучинск бағыты ақылы болды. Келер жылдан бастап, біз Қызылорда мен Шымкент бағытын ақылы болдыруды жоспарлап отырмыз. Екінші деңгей бойынша Астана - Атбасар жолы ақылы болмақ", - деді ол.

Айта кетерлігі, қазіргі таңда республикалық жолдардың жөнделуіне 2,4 есе аз қаражат бөлініп отыр. Нәтижесінде жолдардың қызмет көрсетуі 9 жылға қысқарады. Тапшылықты жою мақсатында жүрудің ақылы түрі енгізілуде.

2015 жылы Астана -Щучинск бағытындағы жол өз есебінен жөнделетін болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны