10.06.2014, 20:49 2532

Астанада 1000-ға жуық мүгедек әйел жұмысқа мұқтаж

"Қазіргі уақытта Астанада 18 мыңнан астам мүгедек тұрып жатыр, соның ішінде 8 мыңы әйелдер. Еңбекке қабілетті жастағы және жұмыс істей алатын жұмыссыз жүрген мүмкіндігі шектеулі жандардың жалпы саны 1995. Олардың 47% немесе 937-і - әйелдер. Сонымен қатар, мәліметтерге сәйкес, мүгедектер арасында жұмыссыздар 50 жас шамасындағы әйелдер арасында жиі кездеседі, яғни, бүгінде еңбек нарығындағы осал топтар әйелдер болып отыр",- деді ол .

Алматы. 10 маусым. Kazakhstan today. Елордада "Қазақ саңыраулар қоғамы" ҚБ астаналық филиалы ұйымдастырған дөңгелек үстел барысында мүгедек әйелдерді әлеуметтік қорғау шаралары талқыланды, деп қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

"Еліміздің дамуының бағыттарының бірі әйелдерге қолдау көрсету болып табылады. Бірақ мүгедек әйелдерге келгенде, алдағы жұмыстар үшін жауапкершілік бірнеше есеге артады. Өткен айда елордада сарапшылар тобы құрылды. Оның құрамына қоғамдық ұйымдардың басшылары мен атқарушы билік өкілдері енді. Топ әйелдерге қолдау көрсетумен айналысатын болады. Бұл жұмыстар осы саладағы негізгі мәселелер шешілгенше жалғасын табады", - деді ол.

Елордалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Ольга Демушкан өз сөзінде кейбір статистикалық мәліметтерді келтіріп өтті.

"Қазіргі уақытта Астанада 18 мыңнан астам мүгедек тұрып жатыр, соның ішінде 8 мыңы әйелдер. Еңбекке қабілетті жастағы және жұмыс істей алатын жұмыссыз жүрген мүмкіндігі шектеулі жандардың жалпы саны 1995. Олардың 47% немесе 937-і - әйелдер. Сонымен қатар, мәліметтерге сәйкес, мүгедектер арасында жұмыссыздар 50 жас шамасындағы әйелдер арасында жиі кездеседі, яғни, бүгінде еңбек нарығындағы осал топтар әйелдер болып отыр",- деді ол .

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы тұрақты түрде бос орындар жәрмеңкесін ұйымдастырады. Соңғы жәрмеңкеде мүмкіндігі шектеулі 300 астам адам жұмыспен қамтылды. Қазіргі уақытта мүгедектерге "Инватакси" қызмет көрсетіп, қалалық жолаушылар көлігінде тегін жүру мүмкіндігі берілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны