14.05.2009, 19:04 2997

Астанада 12 жасар қызды қағып, оқиға орнынан қашып кеткен көлік жүргізушісі ұсталды

Астанада 12 жасар қызды қағып, оқиға орнынан қашып кеткен көлік жүргізушісі ұсталды

Астана. 14 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Астанада 12 жасар қызды қағып, оқиға орнынан қашып кеткен көлік жүргізушісі ұсталды. Бұл туралы бүгін Астана қалалық Жол полициясы басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 7-мамыр күні Кенесары көшесіндегі № 31 орта мектептің жанында 12 жасар қызды белгісіз көлік қағып кеткен. Қыз бала ауыр жарақаттармен қалалық ауруханаға жеткізілді.

Сол күні оқиға орнынан қашып кеткен көлік жүргізушісін жедел іздестіру шаралары басталды. Кешенді шаралардың нәтижесінде оқиға куәгерлері анықталды.

Бір күннен кейін, мамырдың 8-і күні жол апатынан кейінгі ақаулармен Ауди-80 көлігі табылды. Оның жүргізушісі - ешбір жерде жұмыс істемейтін 1989 жылы туған Астана қаласының тұрғыны болып шықты.

"Бүгінде ол өз қылмысын толығымен мойындады, оған қаладан шығуға тыйым салынды",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны