08.09.2009, 13:39 2716

Астанада 14 жасар қыз өзін әлдебіреулер ұрлаған кейіппен өз ата-анасынан ақша бопсаламақ болды

Астанада 14 жасар қыз өзін әлдебіреулер ұрлаған кейіппен өз ата-анасынан ақша бопсаламақ болды

Астана. 8 қыркүйек. Kazakhstan Today - Астанада 14 жасар қыз өзін әлдебіреулер ұрлаған кейіппен өз ата-анасынан ақша бопсаламақ болды. Бұл туралы Астана қалалық ІІД төрағасының бірінші орынбасары Жанат Битенов бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Жанат Битеновтың сөзіне қарағанда, 21-ші тамызда қалалық Ішкі істер департаментіне келген бір азаматша өзінің 14 жасар қызының жоғалғандығын хабарлаған. Қыздың шешесі тәртіп сақшыларына қызының ұрылардың қолына түскен болуы мүмкіндігін айтқан. Өйткені оның ұялы телефонына алдымен 500 мың, кейін 2 миллион теңге көлемінде қаржы талап еткен "СМС" келіп түскен.

Қызды іздестіру үшін департаменттен арнайы жедел іздестіру тобы құрылды. Осы шаралардың нәтижесінде жоғалған қыз өзінің 18 жастағы досының үйінен табылды. Хабарламаларды қыздың өзі жібергені анықталды.

Ж.Битеновтың сөзіне қарағанда, "жігіттіңқызды ұрлауға ешбір қатысы жоқ, оны қыз әке-шешем шетелге кетті деп алдаған".

"Қыздың ісі қалалық әкімдіктегі кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі комиссияда қаралатын болады. Бұдан соң қызды арнайы есепке алып, оның ата-анасына баласына дұрыс тәрбие бермегендігі үшін айыппұл салынуы мүмкін",- деді департамент бастығының бірінші орынбасары.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны