13.05.2014, 20:56 1554

Астанада 15 мамырдан бастап кеме жүзу маусымы ашылады

Есіл өзенінде 2014 жылы 15 мамырда кеме жүзу маусымы ашылады. Салтанатты рәсімге Мүгедек балаларға арналған интернат үйінің тәрбиеленушілері, ҰОС ардагерлері және астананың құрметті қонақтары қатысады.

Алматы. 12 мамыр. Kazakhstan today. Есіл өзенінде 2014 жылы 15 мамырда кеме жүзу маусымы ашылады. Салтанатты рәсімге Мүгедек балаларға арналған интернат үйінің тәрбиеленушілері, ҰОС ардагерлері және астананың құрметті қонақтары қатысады.

Бүгінгі таңда Есіл өзеніндегі кеме жүзу бағдарының ұзындығы 9 шақырымға шақ,деп астаналық әкімдікте хабарлады.

Кәсіпорын флотында сегіз кеме қызмет көрсетуге сақадай -сай дайын. Оның қатарында сыйымдылығы 69,60,32 және 45 адамдық 5 жайлы жолаушылар кемесі, сонымен қатар құтқару катерлері мен сүйреуіш кемелер бар.

Қазіргі уақытта астанада "Кенесары" және "Рэдиссон" атты 2 айлақ құрылған. Жолаушыларға ыңғайлы болу үшін айлақ саялы шатырмен жабылған 8 жайлы қалқымалы айлақпен жабдықталған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны