16.05.2014, 20:37 2983

Астанада 1800 адам қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде

Бұл ретте тек полиция қызметкерлері ғана емес, қоғамның өзі де күш салуы керек. Тәулік сайын қаладағы қоғамдық тәртіпті мыңдаған полицейлер мен Ұлттық Гвардияның 140 әскери қызметкері және қоғамдық құраманың 700-ден аса өкілдері күзетеді.

Алматы. 16 мамыр. Kazakhstan today. 2014 жылы барлық қылмыс түрлерінің тіркелген фактілері бойынша бұрынғыдан әлдейқайда төмендегені байқалуда.

Жүргізілген сараптамаларға сәйкес, қаладағы оперативті ахуалдың жақсарғанын айқындайды, деп қалалық әкімдікте хабарлады.Негізгі бөлікті (90 пайыз) кішігірім және орташа ауыр дәрежелі қылмыстар құрайды. Бұл туралы қала әкімі Иманғали Тасмағамбетовтың төрағалығымен өткен қаладағы қылмыс деңгейінің төмендеуі және қоғамдық қауіпсіздік туралы сауалдар тақырыбына өткен жиында мәлім болды.

Жыл басынан бері ұрлық саны азайған, оның ішінде ауыр түрлері 31%-ға төмендеген. Қылмыстың төмендеуімен қатар, оның ашылу нәтижелері де жақсырған.

Сонымен бірге, полиция генерал-майоры Амантай Иубәкіровтың айтуынша, Астаналық ІІД жұмысындағы басты басымдық қоғамдық тәртіпті сақтауға бағытталған.

Бұл ретте тек полиция қызметкерлері ғана емес, қоғамның өзі де күш салуы керек. Тәулік сайын қаладағы қоғамдық тәртіпті мыңдаған полицейлер мен Ұлттық Гвардияның 140 әскери қызметкері және қоғамдық құраманың 700-ден аса өкілдері күзетеді.

Жыл басынан бері өткізілген 2 мыңнан аса қоғамдық-саяси және басқа да ірі шаралар барысында міндетті құқықтық тәртіп қамтамсыз етілді.

Астананың бірқатар ЖОО қабырғасында жедел-жастар жасақтары құрылған. Консьерж институты дамуда, сонымен бірге жекеменшік күзет құрылымдарымен бірлесе тору тәжріибесі жандануда. Тек биылғы жылы қоғамдық құрама қатысуымен 3 мың құқықбұзушылық анықталып, ондаған қылмыс ашылды.

Елбасының қоғамдағы құқықбұзушылыққа "нөлдік шыдам" қалыптастыру тапсырмасы ұдайы және басты назарға алынған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны