14.04.2009, 14:37 3278

Астанада 19 жасар қыз порнография таратты деген күдікпен ұсталды

Астанада 19 жасар қыз порнография таратты деген күдікпен ұсталды

Астана. 14 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Астанада 19 жасар қыз порнография таратты деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Астана қалалық ІІД-нің криминалдық полициясы басқармасының бастығы Марат Төлебаев бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Астанадағы бір дүкенде 19 жастағы Қазақстан азаматшасы ұсталды, ол порнографиялық сипаттағы лицензиясыз өндірілген бейнеөнімдерді заңсыз сатумен шұғылданған", - деді М. Төлебаев.

Сәуірдің 6-10 аралығында өткен "Шекара-контрафакт" жедел алдын-алу шарасы барысында Астанада аудио-визуалды өнімдерді заңсыз сатып келген 29 азамат анықталды. Олардан 25 порнографиялық мазмұндағы фильм және 5209 дана контрафактілік DVD дискілері тәркіленді.

Өткізілген шараның мақсаты - заңсыз үн-бейне таспаларды дайындап, таратушыларды анықтау, экстремизм, лаңкестік, порнография сынды жат қылықтарға тәрбиелейтін өнімдердің көзін жою болып табылады. Шара барысында Катченко көшесінде орналасқан үйлердің бірінен үн-бейне таспалар заңсыз дайындалып келген жасырын цех анықталды. Құқық қорғаушылар цехтан 1465 дана DVD дискіні, 233 таза бейне табақ пен 3500 дискінің сыртқы қорабын тапты.

Ақпараттық технологиялар саласында бес күннің ішінде барлығы 28 заң бұзушылық оқиғасы анықталды, оның 26-сы авторлық құқықтарды бұзу, екеуі порнографиялық өнімдерді тарату деректері.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны