22.02.2008, 18:42 3196

Астанада 1 кг астам героин табылып тәркіленді

Астанада 1 кг астам героин табылып тәркіленді

Астана. 22 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Астанада есірткі сатушы ұсталып, одан 1 кг астам героин табылып тәркіленді, деп хабарлайды агенттік ҚР ІІМ есірткі саудасымен күрес комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ағымдағы жылдың 22 ақпанында "Астана- есірткісіз қала" аймақтық бағдарламасын жүзеге асыру аясында ҚР ІІМ есірткі саудасымен күрес комитетінің қызметкерлері екі аптаға созылған іс-шараны аяқтап, оның аясында есірткілік заттарды тасымалдаумен айналысқан Жамбыл облысының Қаратау қаласының тұрғынын құрықтады", - делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Тараздық есірткі тасушыны ұстау шарасы Астананың автовокзалында өткізілді. "Азық-түлік өнімдерінің ішіне 1 килограмм героин жасырылыпты. Ол Елордасында сату үшін әкеліген", -деп нақтылайды комитеттегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны