26.11.2012, 15:28 2787

Астанада 1 желтоқсан күні ҚР Президентінің жаңа Байрағын көтеру салтанатты рәсімі өтеді

Бұл туралы бүгін Астанада Қазақстанның орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Ибибуллаев мәлім етті.

Астана. 26-қараша. Kazakhstan Today - Астанада 1 желтоқсан күні ҚР Президентінің жаңа Байрағын көтеру салтанатты рәсімі өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін Астанада Қазақстанның орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Ибибуллаев мәлім етті.

"1 желтоқсанда Тұңғыш Президент күніне орай Елбасының қатысуымен Қазақстан Республикасы Президентінің жаңа Байрағын көтеру салтанатты рәсімі өтеді",-деді ресми өкіл.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының 31 қазандағы Жарлығымен Президенттің Байрағына кейбір жаңа өзгеріс енгізілген болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны