17.01.2007, 18:10 3029

Астанада 2006 жылы 434 лауазымды тұлға әртүрлі жауапкершілікке тартылған - Астана прокуратурасы

АСТАНА. 17-қаңтар. Kazakhstan Today. Астанада өткен жылы қалалық прокуратура жүргізген тексерулердің нәтижесі бойынша 434 лауазымды тұлға әртүрлі жауапкершілікке тартылған, деп хабарлайды Астана прокуратурасының баспасөз қызметі.

2006 жылы Астана прокуратурасының органдары 291 тексеру жүргізген, нәтижесінде 1,5 мыңнан астам заң бұзушылықтар анықталып, 202 ұсыныс енгізіліп, қаралған, 195 наразылық қанағаттандырылып, 225 заңға түсініктеме берілді.

Атап айтсақ, сәрсенбі күнгі алқа мәжілісінде қала прокуроры Виктор Корчагин хабарлағандай, кіріс пен мүлікті өтірік декларациялағаны үшін Астана қаласының қаржы департаментінің директоры А. Асқарова, кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің директорының орынбасары Д. Толымбеков, жолаушылар транспорты және автокөлік жолдары департаменті директорының орынбасары М. Өтегенов әкімшілік жауапқа тартылған.

"Мемлекеттік сатып алу барысындағы талаптарды сақтамағандығы, құрылыс сапасына бақылау қоймағаны және нысандарды пайдалануға заңсыз қабылдағаны үшін құрылыс департаментінің сегіз қызметкері, оның ішінде директордың барлық үш орынбасары жауапқа тартылған",- деді ол.

Сонымен қатар, Астана прокурорның ақпараттарына сүйенсек, мемлекеттік сатып алу туралы заң талаптарын өрескел бұзған, соның салдарынан мемлекетке 14 млн. теңгеден астам шығын әкелгені үшін "Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрлігінің облыстық төтенше жағдайларды мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі комитеттің өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі" мемлекеттік басқармасының алты лауазымды тұлғасы қатаң тәртіптік жауапқа тартылған.

"Сондай-ақ, сәулет және қала құрылысы департаментінің қарамағындағы "Қала сәулеті" МКК мен "Астанабасжоспары" МКК-ның лауазымды қызметкерлері тарапынан 128 млн. теңгеден астам бюджет қаржысын талан-таражға салу дерегі анықталды. Мемлекетке келген шығынның орны толтырылып, кінәлілер жазаланды",- деп хабарлады В. Корчагин.

Прокурорлық тексеру шараларының көмегімен 600-ге жуық заңсыз актілердің, соның ішінде Астана әкімінің, әкімшілік пен мәслихаттың 15 актісінің күші жойылды және өзгертілді. Негізінен, жер қатынасын реттейтін құқықтық актілердің күші жойылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны