08.05.2013, 15:54 4196

Астанада 2014 жылдың мамырында Азия даму банкінің 47-ші жыл сайынғы мәжілісі өтеді

Қазақстан 2014 жылы Азия даму банкінің (АДБ) 47-ші жыл сайынғы мәжілісіне төрағалық етеді, деп хабарлады Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің баспасөз қызметі.

Астана. 8-мамыр. Kazakhstan Today - Астанада 2014 жылдың мамырында Азия даму банкінің 47-ші жыл сайынғы мәжілісі өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан 2014 жылы Азия даму банкінің (АДБ) 47-ші жыл сайынғы мәжілісіне төрағалық етеді, деп хабарлады Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің баспасөз қызметі.

"Азия даму банкі Басқарушы кеңесінің жыл сайынғы мәжілісінде Үндістан ресми түрде 2014 жылғы АДБ Басқарушылар кеңесіндегі Төрағалық етуші ел статусын Қазақстанға ұсынды", - делінген ведомство хабарламасында.

Осылайша, Экономика министрлігінің мәліметінше АДБ мәжілісі 2-3 мамырда Астанада өтеді.

Сонымен қатар, өз баяндамасы барысында Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев Қазақстанның экономикалық және инвестициялық әлеуетімен таныстырды.

Өз кезегінде, АДБ Президенті Такехико Накао келесі кездесуді Астана өткізу бір дауыспен қабылданғандығын атап өтті. 67 қатысушы елдердің барлығы "келісемін" деп дауыс берді.

Алдын-ала есептеулер бойынша, "Азия мен Еуропаны біріктіретін - Жаңа Жібек жолдары: Азия мен Еуропа ауыспалы әлемде" атты тақырыптағы АДБ-ң Астаналық мәжілісінде шамамен 5 000 адам қатысады - АДБ мүше-елдер басқарушылары, ірі халықаралық және қаржы ұйымдары басшылары.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны