30.04.2014, 22:21 8223

Астанада 2014 жылы жаңа құрылыс колледжі ашылады

Сонымен қатар, энергетика саласының мамандарын дайындайтын 800 балаға есептелген тағы бір колледждің құрылысы басталады", - деп Астана қаласы әкімдігінен хабарлады.

Алматы. 30 сәуір. Kazakhstan today. Астанада 2014 жылы жаңа құрылыс колледжін пайдалануға беру жоспарланған.

"Астанада техникалық мамандықтардың базасын нығайту үшін елорда да кәсіби-техникалық колледждердің құрылысы жүруде. Сонымен, Астанада ағымдағы жылы 800 орынға есептелген құрылыс саласы бойынша колледж пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, энергетика саласының мамандарын дайындайтын 800 балаға есептелген тағы бір колледждің құрылысы басталады", - деп Астана қаласы әкімдігінен хабарлады.

Айта кетерлік жайт, бүгінгі таңда Астанада техникалық-кәсіби білім беретін 35 мекеме бар. Олардың 12 мемлекеттік, 23 жекеменшік болып табылады және оларда 29 859 білімгер білім алуда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны