06.05.2015, 23:12 4285

Астанада 2015 жылы апатты үйлерден 1558 отбасы көшіріледі

Астана қаласында пилоттық жоба аясында апатты жағдайдағы үйлерді бұзу жұмыстары қолға алынды. Апатты жағдайдағы үйлерде тұратын отбасылар жаӊа пәтермен қамтылуда. Үстіміздегі жылы 1558 отбасын жаӊа пәтермен қамту көзделген

Астана. 06 Мамыр. Kazakhstan Today - Астана қаласында пилоттық жоба аясында апатты жағдайдағы үйлерді бұзу жұмыстары қолға алынды. Апатты жағдайдағы үйлерде тұратын отбасылар жаӊа пәтермен қамтылуда. Үстіміздегі жылы 1558 отбасын жаӊа пәтермен қамту көзделген, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігіні? тілшісі.

Астана қаласы Құрылыс басқармасыныӊ басшысы Владимир Лютовтыӊ хабарлауынша, апатты жағдайдағы үйлерді бұзу бойынша 2013 жылдан бері жалпы ауданы 92 мыӊ текше метрлік 1502 пәтерге есептелген 6 тұрғын үй пайдалануға берілген болатын. 2015 жылы жалпы ауданы 123 мыӊ текше метрлік 2247 пәтерге арналған тұрғын үйдіӊ құрылысы аяқталады деп күтілуде, деп хабарлайды astana.gov.kz тілшісі.

Пилоттық жоба аясында 2015-2016 жж. тапсырылатын жалпы ауданы 214 мыӊ текше метрлік 3824 пәтерге арналған 5 тұрғын үйдіӊ құрылысы жалғасуда.

Қалалық тұрғын үй басқармасыныӊ басшысы Руслан Ахметовтыӊ айтуынша, 2014 жылы апатты жағдайдағы 11 үйден 176 отбасы көшірілсе, биыл 114 ескі үйден 1558 отбасы көшірілетін болады.

Жоба 2017 жылға дейін жүзеге асырылады және апатты жағдайдағы үй 228 бұзылады деп күтілуде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны