27.09.2016, 12:04 3962

Астанада 2017 жылы Ғылым және технологиялар бойынша Ислам ынтымақтастық ұйымыныӊ саммиті өтеді

ИЫҰ саммиті халықаралық байланыстарды нығайтуға, ғылым және инновацияларды дамытуға жаӊа серпін береді, деп мәлімдеді Астандағы ғылым, технологиялар және инновациялар мәселелері бойынша Азия парламентаралық форумы барысында Парламент Мәжілісініӊ төрағасы Нұрлан Нығматулин.

Астана. 27 қыркүйек. Kazakhstan Today - Ғылым және технологиялар бойынша Ислам ынтымақтастық ұйымыныӊ саммиті 2017 жылы Астанада өтеді.

ИЫҰ саммиті халықаралық байланыстарды нығайтуға, ғылым және инновацияларды дамытуға жаӊа серпін береді, деп мәлімдеді Астандағы ғылым, технологиялар және инновациялар мәселелері бойынша Азия парламентаралық форумы барысында Парламент Мәжілісініӊ төрағасы Нұрлан Нығматулин.

"Аталмыш саммит ғылым мен инновацияны дамытуда халықаралық байланысты нығайтуға жаӊа серпін береді. Аталмыш бағытта ислам әлеміндегі экономикалық даму мен ғылым және технология, халықтыӊ әлеуметтік жағдайыныӊ нығаюына көӊіл бөлу қажет", - деді Н.Нығматулин.

Мәжіліс төрағасыныӊ айтуынша, біздіӊ ел әлем елдерімен жаӊа технологияларды дамыту саласында ынтымақтасуға дайын, Бұл орайда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ 2017 жылы Ислам ынтымақтастық ұйымы саммитін Астанада өткізу ұсынысы өте орынды.

"Қазіргі таӊда Қазақстанда Елбасыныӊ 5 институционалдық реформасын жүзеге асыру жөніндегі "100 нақты қадам" іске асырылып жатыр. Бұл жоспарда көрсетілгендей, елде инновациялық саясат қоғамныӊ бәсекелестігін өсірудегі экономикалық дамудыӊ негізі болып табылады. Аталмыш жолда біздіӊ ел индустриялық-инновациялық дамудыӊ бесжылдығын жүзеге асырып жатыр, қазіргі таӊда аталмыш бағдарламаныӊ екінші кезеӊі жүзеге асырылуда", - деді ол.

Естеріӊізге салсақ, Астанада Азия парламентаралық форумы басталды. Шара ғылым, технология және инновация мәселелеріне арналады. Форумға 20 елдіӊ Парламент өкілдері мен сарапшылар, сондай-ақ, алты халықаралық ұйымныӊ мүшелері қатысады деп күтілуде.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны