20.04.2010, 16:43 3112

Астанада 28 пәтерді үптеген келімсек пәтер тонаушылар құрықталды

Астанада 28 пәтерді үптеген келімсек пәтер тонаушылар құрықталды

Астана. 20 сәуір. Kazakhstan Today - Астанада 28 пәтерді үптеп кеткен келімсек пәтер тонаушылар құрықталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Астана қалалық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ағымдағы жылдың наурыз айының аяғында Астана қалалық ІІД-нің криминалдық полициясының қызметкерлері келімсек пәтер тонаушылардың іс-әрекетіне тосқауыл қойды. Қылмыстық топқа Қызылорда облысының 6 тумасы мүше болған", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

"Тонаушылардың ізіне түсуге көрші пәтерді жалға алып тұрып жатқан күдікті жастарға назар аударған қырағы әйелдің көмегі тиді", - деп хабарлайды ІІД.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "қазіргі жағдаймен аталған топтың 28 пәтер тонау оқиғасына қатысы бар екендігі анықталды. Олар бұл қылмыстарды өткен жылдың күзінен бері іске асырып келген".

"Қылмыстық топ "Юго-Восток", "Чубары", "Көктал", "Энергетик" және "Комсомольский" ықшамаудандарындағы жеке меншік үйлерге тонаушылық жасап отырған", - делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сондай-ақ, "тергеу барысында бұл топтың Астанаға айына бір рет келіп, бір аптаның ішінде үшке дейін тонаушылық жасайтын болғаны, олардың әрбіреуіне 10 - 15 минуттан жұмсап, ұрланған заттар мен зергерлік бұйымдарды ломбардтарға тапсырып отырғаны анықталды".

ІІД мәліметінше, "қылмыстық топ Астана қалалық ІІД-нің уақытша ұстау абақтысына қамалды. Ұсталғандардың үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 175-ші бабы (ұрлық, яғни бөтен мүлікті бірнеше мәрте жасырын ұрлау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оған сәйкес 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны