10.04.2014, 19:20 3303

Астанада 2 автобус паркі салынады

Бірінші коммуналдық парктің құрылысы мамыр айында басталады, нысан ағымдағы жылдың тамыз айында қолданысқа беріледі. Екінші автопарк 2014 жылдың 2-ші жартыжылдығында салынады деп жоспарлануда. Ол 2015 жылдың сәуір айында тапсырылмақ.

Алматы. 10 сәуір. Kazakhstan today. Бірінші коммуналдық парктің құрылысы мамыр айында басталады, нысан ағымдағы жылдың тамыз айында қолданысқа беріледі. Екінші автопарк 2014 жылдың 2-ші жартыжылдығында салынады деп жоспарлануда. Ол 2015 жылдың сәуір айында тапсырылмақ.

Бүгінгі күні Астана қаласындағы қоғамдық көліктер 750 мың жолаушыны тасымалдайды. Бұл қоғамдық көлікпен қатынайтын тұрғындардың 33 % құрайды. Ал жергілікті әкімшілік жоғарыдағы көрсеткішті 2016 жылға дейін 970 мыңға, ал пайызға шаққанда 47 % жеткізуді көздеп отыр. Алайда санын ғана емес, сапасын да арттыру негізгі мақсаттардың бірі.

Ол үшін жаңа маршруттық жүйе енгізу керек. "Typsa" еуропалық компаниясының жобасы сынамалы түрде жүзеге асырылады, деп Астана қаласының әкімдігінде хабарлады.

Бұдан бөлек, ағымдағы жылы IVECO маркалы 350 су жаңа автобустарын жеткізу жөнінде келісімге қол қойылған. Бір ерекшелігі жаңа автобустардың барлығы газбен жүретін болады. Жылдың соңына дейін тағы 100 автобус салып алуға келісімге келу жоспарланып отыр.

Ал ол автобустардың жұмысын қадағалайтын 2 коммуналдық парк салынатын болады.

Алғашқы парктің құрылысы ағымдағы жылдың мамыр айында қолға алынып, тамыз айында қолданысқа беріледі. Екінші автопарк үстіміздегі жылдың екінші жартысында басталып, 2015 жылдың сәуір айында тапсырылады.Жүргізушілердің біліктілігін арттыру мақсатында арнайы орталық құрылады. Аталмыш орталық 30-сәуірде іске кіріседі.

Ал жолаушыларды алыс-жақын арақашықтықта тасымалдау үшін де қолайлы автотранспорт қажет екені айтпаса да түсінікті. Ол үшін BRT (Bus Rapid Tranzit) - арнайы бөлінген жол жолағымен жылдам жүретін автобус жүйесі іске қосылады. Жоба 3 тараудан тұрады. Бірінші кезеңде, BRT құрылысы 2014 жылдың маусым айында басталады (ұзақтығы 22,4 км, 26 бекеттен тұрады, 27 бірлік жылжымалы құрам). Құрылыс-монтаж жұмыстары - 2015 жылы желтоқсанда. Эксплуатацияға 2016 ж.наурыз айында беріледі. Ал 2-3- кезеңі 2015-2017 жылдары аяқталады деп көзделіп отыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны