Система Orphus

Астанада 2 маусымда балаларды мектепке дейінгі мекемелерге қабылдау басталады

11.05.2014, 19:33 554

Алматы. 11 мамыр. Kazakhstan today. Жыл сайын балабақшадан мектеп жасына жеткен балалар кеткен соң мектепке дейінгі мекемелерде 3000 жуық орын босайды. Ағымдағы жылы мектепке дейінгі мекемелерге балаларды қабылдау 2 маусымнан басталады.

Айта кетейік, жалпы орындар санының 20-25% жеңілдікті кезек бойынша өтетін балаларға беріледі, қалғаны 2-6 жастағы балалар арасында бөлінеді. Бұл әр жастағы балаға 600-700 жуық орынды құрайды, деп Астана қаласы әкімдігінің ресми порталы хабарлады.

Қазіргі уақытта баланы балабақшаға орналастыру мәселесі аса өзекті болып отыр, өйткені, жыл сайын бала туу көрсеткіші орта есеппен 1,1% (850-900 балаға) артады, сонымен қатар, халықтың елордаға көшіп келуі де ұлғаюда, жыл басында халық өсімі 4369 адамды құрады.

Астана қаласының Білім басқармасы ұсынған мәліметтер бойынша, биыл балаларды қабылдау 2 маусымнан 2 шілдеге дейін өтеді. Содан кейін ата-аналарға балабақшаға жолдамалар беріледі. Жұмыс комиссиясы баланың жасына қарай кезектілік бойынша қабылдайды.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны