03.10.2016, 13:01 3717

Астанада 4 қазанда Қазақстан мен Ресейдіӊ өӊіраралық ынтымақтастығы XIII форумыныӊ пленарлық отырысы өтеді

Іс-шара аясында Қазақстан Президентініӊ Ресей Федерациясы Президентімен екіжақты кездесуі, сондай-ақ олардыӊ Қазақстан-Ресей бизнес-форумына қатысуы жоспарланып отыр.

Астана. 3 қазан. Kazakhstan Today - Нұрсұлтан Назарбаев 4 қазанда Астанада өтетін "Еуразия кеӊістігініӊ көлік-логистикалық әлеуетін дамыту" атты Қазақстан мен Ресей өӊіраралық ынтымақтастығы XIII форумыныӊ пленарлық отырысына қатысады.

Бұл туралы Ақорда жариялаған Мемлекет басшысыныӊ қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар аӊдатпасында айтылған, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Іс-шара аясында Қазақстан Президентініӊ Ресей Федерациясы Президентімен екіжақты кездесуі, сондай-ақ олардыӊ Қазақстан-Ресей бизнес-форумына қатысуы жоспарланып отыр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны