02.06.2014, 20:41 3298

Астанада 700 жас отбасы пәтерге ие болады

"Бүгін "Қолжетімді баспана - 2020" бағдарламасы бойынша құжат қабылдау басталды. Құжаттарды қабылдау 2 маусымнан 14 маусымға дейін жалғасады. Халыққа қызмет көрсетудің 3 орталығында құжаттар қабылдануда", - деді қалалық баспана басқармасының жетекшісі Руслан Ахметов.

Алматы. 2 маусым. Kazakhstan today. "Қолжетімді баспана - 2020" бағдарламасы бойынша 2014 жылы жас отбасылар үшін шаршы метрі 120 мың теңге тұратын 672 пәтер қолданысқа берілді. Бұл туралы аталмыш бағдарламаға арналған брифингте мәлім болды.

"Бүгін "Қолжетімді баспана - 2020" бағдарламасы бойынша құжат қабылдау басталды. Құжаттарды қабылдау 2 маусымнан 14 маусымға дейін жалғасады. Халыққа қызмет көрсетудің 3 орталығында құжаттар қабылдануда", - деді қалалық баспана басқармасының жетекшісі Руслан Ахметов.

Айта кетерлігі, аталмыш бағыт бойынша тұрмыс құрғандарына екі жыл толған, жастары 29 -ға дейінгі ерлі-зайыптылар құжат рәсімдей алады. Сондай-ақ, баласын жалғыз тәрбиелеп отырған толық емес жанұялар да қатыса алады. Олардың барлығы кем дегенде екі жыл Астана қаласында тұруы қажет.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны