09.10.2012, 16:28 3391

Астанада Ақпараттық коммуникациялық технологияларды дамыту қоры ашылады

Бүгін "Rixos President Astana" қонақжайында Ақпараттық коммуникациялық технологияларды дамыту қорының ашылуына орай баспасөз мәслихаты өтеді.

Астана. 9-қазан. Kazakhstan Today - Астанада Ақпараттық коммуникациялық технологияларды дамыту қоры ашылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін "Rixos President Astana" қонақжайында Ақпараттық коммуникациялық технологияларды дамыту қорының ашылуына орай баспасөз мәслихаты өтеді.

Бұл туралы Ақпараттық коммуникациялық технологияларды дамыту қорының баспасөз қызметі хабарлады.

Қордың негізгі қызметі отандық АКТ саласындағы стартап жобалардың дамуына жағдай жасауға бағытталған. Қор АКТ стартап жобаларға ең бастапқы кезеңде инвестиция салып, сарапшылық қолдау көрсетеді және қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етеді, оған қоса жобаны ұлғайту үшін инвесторлар мен серіктестерді табуға көмек береді.

Баспасөз мәслихатына ҚР көлік және коммуникация министрі А.Жұмағалиев, вице-министр С.Сәрсенов, "Зерде" ұлтты ақпараттық коммуникация холдингі" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Б.Құрманғалиева, "Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасы Қ.Есекеев, Ақпаратттық коммуникациялық технологияларды дамыту қорының бас директоры А.Қуандықов және басқа да ресми тұлғалар қатысады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны