06.05.2014, 22:50 11809

Астанада алда өтетін АӨСШК саммитіне арналған семинар өтті

Бүгін Қазақстандағы Қытай Халық Республикасы Елшілігінің қолдауымен Қазақ гуманитарлық-заң университетінде алдағы АӨСШК саммитіне арналған "Азиядағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық" тақырыбында семинар өтті.

Алматы. 6 мамыр. Kazakhstan today. Бүгін Қазақстандағы Қытай Халық Республикасы Елшілігінің қолдауымен Қазақ гуманитарлық-заң университетінде алдағы АӨСШК саммитіне арналған "Азиядағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық" тақырыбында семинар өтті.

Шараға Қазақстандағы Қытай Елшісі Лэ Юйчэн, ҚР СІМ жалпыазиялық департаментінің директоры Е.Али, АӨСШК хатшылығының атқарушы директорының орынбасары К.Тумыш, ҚР-дағы Түркия Елшісі О.Түзел, Астанадағы дипломатиялық миссия өкілдері, елорда университеттерінің профессорлары мен студенттері қатысты.

Қонақтар Азия елдерінің бірлесуі мен Азиядағы қауіпсіздікті сақтаудағы АӨСШК рөлі туралы пікірлерімен бөлісті.

Шараға қатысушылар Н.Назарбаевтың көрегендігі мен бастамасын ерекше бағалап, оның тарапынан 1992 жылы көтерілген механизм құру идеясын ерекше атап өтті. 20 жылдан астам уақыттан кейін АӨСШК қауіпсіздік саласындағы Азия өңірінің ірі ынтымақтастық платфорамасына айналды. Қазіргі таңда АӨСШК 24 елдің басын біріктіріп отыр. Тағы 13 ел аталмыш ұйымға бақылаушы ел ретінде қатысуда.

Қазақстандағы Қытай Елшісі Лэ Юйчэннің айтуынша, АӨСШК саммиті қонақтары арасында 14 мемлекет пен үкімет және 8 халықаралық ұйым басшылары бар.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны