26.01.2009, 14:41 1965

Астанада алғаш рет ережеден тыс жерден жолдан өткен жаяу жүргінші үш тәулікке тұтқындалды - ІІМ

Астанада алғаш рет ережеден тыс жерден жолдан өткен жаяу жүргінші үш тәулікке тұтқындалды - ІІМ

Астана. 26 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Астанада алғаш рет ережеден тыс жерден жолдан өткен жаяу жүргінші үш тәулікке тұтқындалды. Бұл туралы ҚР ІІМ тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Бағдат Қожахметов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Астанада алғаш рет әкімшілік соттың шешімімен жолдан ережеден тыс жерден 4 мәрте өткені үшін жаяу жүргінші ұсталып, үш тәулікке қамауға алынды", - деді Б. Қожахметов.

ІІМ өкілінің айтуынша, жаяу жүргіншінің барлық заң бұзушылықтары бейнетаспаға түсіріп алынған, соған сәйкес судья оны үш тәулікке қамауға алуға шешім қабылдады. Осы жаяу жүргіншінің заң бұзушылықтарына қасақана қадағалау жасалған ба деген сауалға Б. Қожахметовтың айтуынша, "бұл адам өрескел ереже бұзушы болып табылады, ол талай мәрте ереже бұзған, жол полициясы қызметкерлерінің көзіне ұдайы түсіп отырған".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны