22.07.2014, 19:31 2596

Астанада алғаш рет ЮНЕСКО ісі бойынша әлемнің 125 елінің ұлттық комиссиясының жиыны өтеді

Бүгін Астанада ЮНЕСКО-мен бірлесіп ЮНЕСКО істері бойынша Ұлттық комиссиялардың алғашқы өңіраралық жиыны өтеді. Шара биылғы жылдың 22-24 шілдесіне жоспарланған.

Алматы. 22 шілде. Kazakhstan today. Бүгін Астанада ЮНЕСКО-мен бірлесіп ЮНЕСКО істері бойынша Ұлттық комиссиялардың алғашқы өңіраралық жиыны өтеді. Шара биылғы жылдың 22-24 шілдесіне жоспарланған.

Оған ЮНЕСКО-ның барлық бес өңірлік тобының (Араб мемлекеттері, Африка, Азия мен Тынық мұхиты, Еуропа мен Солтүстік Америка, Латын Америкасы мен Кариб бассейні) атынан әлемнің 125 елінің ұлттық комиссиясы өкілдері қатысады.

8 адамнан тұратын ЮНЕСКО делгациясының басында ЮНЕСКО-ның қоғамдық мәліметтердің сыртқы байланысы бойынша бас директоры Э.Фальт бар.

Аталмыш шараға тұңғыш рет әлемнің барлық өңірлерінің Ұлттық комиссиялары Ұлттық комиссияның үздік тәжірибелерін ілгерілету, ынтымақтастықты нығайту мен әлеуетті арттыру мәселесі бойынша жалпылай кеңесу мақсатында жиналып отыр.

Жиын аясында сегіз қазақстандық нысанды (Алматы облысындағы Қаялық, Қарамегрен, Талғар қалашықтары мен Жамбыл облысындағы Ақтөбе, Степнинск, Ақыртас, Құлан, Қостөбе, Өрнек қалашықтары) "Жібек жолы ескерткіштері: Тянь-Шань дәлізі" атты Қытаймен және Қырғызстанмен бірлескен сериялық трансшекаралық номинация аясында ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізу туралы сертификат тапсыру салтанатының жиыны мен тағы қазақстандық қос табиғи резерваты - "Қатон-Қарағай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі мен "Ақжайық" биосфералы аймағын ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік биосфералық резрватына енгізу туралы сертификат табысталады деп күтілуде.

Сонымен қатар жиын барысында ҚР Ұлттық комиссиясының бұрынғы төрағасы - Астана қаласы әкімі И.Тасмағамбетовты ұйымның құрметті медалімен марапаттау жоспарланған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны