27.06.2014, 20:33 2871

Астанада әскери ғылым мәселелері талқыланды

ҚР Қорғаныс министрлігінде қорғаныс пен қауіпсіздік саласындағы ғылымды әрі қарай дамыту мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті.

Алматы. 27 маусым. Kazakhstan today. ҚР Қорғаныс министрлігінде қорғаныс пен қауіпсіздік саласындағы ғылымды әрі қарай дамыту мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға Парламент Мәжілісінің депутаттары, "Нұр Отан" партиясының, мемлекеттік органдардың, ғылыми қауымдастықтың өкілдеріқатысты, деп қорғаныс министрлігінде талқылады.

ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Талғат Мұхтаров әрі қарай мемлекет қауіпсіздігін нығайту, қазақстандық армияның жауынгерлік әзірлігі мен жауынгерлік қабілеттілігін арттыру туралы Мемлекет басшысы қойған міндеттер аясында өткен тақылаудығ өзектілігін атап өтті.

Искери ғылым саласындағы жүйелік "ақтаңдақтарды" атап көрсеткен Т.Мұхтаров ҚР ҚК ғылыми қызметінің тиімділігін арттырудың басым бағыттарының қатарында әскери және техникалық мамандықтар бойынша кадрлар даярлауды, ғылыми-эксперименталды база құру, отандық қару-жарақ пен әскери техника үлгілерін әзірлеуде технологиялық әлеуетті пайдалануды атады.

Талқылау барысында сөз сөйлеген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Абай Тасболатов,ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы Сансызбай Жолдасбаев, "Назарбаев университетінің" студент істері жөніндегі департаментінің директоры Асқар Бекжанов, ҚР ҚМ Ұлттық қорғаныс университеті бастығының орынбасары Мұхтар Серікпаевтар әскери ғылымды дамыту мәселесіне деген өз көзқарастарын білдіріп, әскери ғылымды дамытудың проблемаларын шешу жолдарын ұсынды.

Атап айтқанда, қорғаныс пен қауіпсіздік саласында еліміздің барлық ресурстарын ауқымды интеграциялау үшін заңнамалық негіздер құру, мемлекеттің әскери саладағы ғылыми әлеуетін кеңінен пайдалану, әскери ғылымның азаматтық ғылым секторымен бірігу қажеттігі айтылды.

Талқылауға қатысушылар "Қорғаныс және қауіпсіздік" бағыты бойынша Ұлттық ғылыми кеңес, ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру әскери технологияларды енгізу өкілеттігі берілген ҚР ҚМ Искери ғылым департаментін құру жөнінде" ұсыныстар жария етілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны