08.07.2014, 20:50 3165

Астанада "Astana KIDS EXPO" I халықаралық мамандандырылған балалар көрмесі өтеді

Қыркүйектің 4 мен 6 аралығында "Көрме" орталығында "Astana KIDS EXPO" I халықаралық мамандандырылған балалар көрмесі өтеді.

Алматы. 8 шілде. Kazakhstan today. Қыркүйектің 4 мен 6 аралығында "Көрме" орталығында "Astana KIDS EXPO" I халықаралық мамандандырылған балалар көрмесі өтеді, деп көрме орталығының баспасөз қызметі хабарлады.

Көрме аясында шетелдік компаниялардың технологияларын сатып алуға және олармен келісімге отыруға жағдай жасалады. Бұл өз кезегінде балаларға арналған отандық тауар өндірушілердің жаңа деңгейге көтерілуіне және импорт көлемін арттыруға септігін тигізеді.

"Astana KIDS EXPO" көрмесінің бөлімдеріне отандық және шетелдік өндірушілерді трендті балалар киімі, ойыншықтары мен ойындары, білім мекемелері, балалар тамағы, дәрумендер, фармацевтикалық препараттар сынды түрлі заттар енгізілген.

Айта кетерлік жайт, көрме шеңберінде семинарлар, конференциялармен роуд-шоу өткізу көзделген.

Көрменің басты мақсаты - Қазақстанда балалар тауары өндірісін дамыту.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны