04.04.2014, 21:04 9498

Астанада "Астана тазарту" ЖШС жаңғыртылған техникасы таныстырылды

Астанада "Астана тазарту" ЖШС жаңғыртылған техникасы таныстырылды

Алматы. 4 сәуір. Kazakhstan today. Астанада "Астана тазарту" ЖШС жаңғыртылған техникасы таныстырылды. Мамандардың айтуынша, газды отын жүйесін дизельді отынмен салыстырғанда дизельді қозғалтқыштарға енгізудің басты артықшылығы - қоршаған ортаға жіберілетін улы қалдық заттардың мейлінше төмендігінде болып отыр. Сонымен қатар, біртіндеп дизельді отынға ауысу жанармай сатып алу шығынын айтарлықтай азайтады.

"Астана Тазарту" ЖШС-ның газдыдизельді жүйелер саласының соңғы үлгідегі құралдарымен жаңғыртылған мамандандырылған техникасының тұсаукесері өтті. Қазіргі таңда "Астана Тазарту" ЖШС қалдық шығаратын 9 техникасы аталмыш жүйемен қамтылды. Жабдық толықтай сынақтан өтті және пайдалануға жіберілді, деп Астана қаласы әкімдігінің ресми порталы хабарлады.

"Мұны Еуропа тәжірибесімен де түсіндіруге болады: Еуропа экологиясы - газбаллон құралын пайдалануда бірінші орында тұр, кейін барып олар қаржылық пайдасын ойлайды. Өкінішке қарай, кеңестік кеңістік елдерінде экономикалық тиімділік басымдыққа алынған. Ирине ол да маңызды екенін түсінемін. Біздің құрал дизельді қозғалтқаш шығындыларының экологиялық әсерін айтарлықтай жақсартады және адамның денсаулығына зиян қалдықтарды азайтады",- дейді Автогаз Глобал президенті Михаил Яковенко.

"Астана-Тазарту" ЖШС - BLUE POWER DIEZEL жүйесін енгізу арқылы қолданыстағы мамандандырылған техникаларына жаңғырту жүргізген қаладағы коммуналдық кәсіпорынның алғашқысы. Қазіргі таңда "Астана Тазарту" ЖШС қалдық шығаратын 9 техникасы аталмыш жүйемен қамтылды. Жабдық толық сынақтан өтті және пайдалануға жіберілді.

Сонымен қатар, бұл әдістің тағы бір ерекшелігі жүргізушілердің жұмысына еш өзгеріс енгізудің қажеті жоқ. Олар бұрынғы тәртіппен жұмыстарын жасай бермек. Тек салонда ғана газ реттегіш қосымша құрылғы орнатылады. Оны пайдалану кезінде еш жағымсыз нәтижелер анықталған жоқ. Сондықтан қалған 40 техниканы алдағы уақытта толықтай жабдықтау көзделіп отыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны