19.05.2014, 19:34 3364

Астанада ASTEX-2014 көрме -конференциясы өтуде

Астанада ASTEX-2014 Халықаралық көрме-конференциясы өз жұмысын бастады. Жыл сайынғы дәстүр бойынша биылғы жылы да көрмеге шетелдік спикерлер - ірі компаниялардың басшылары, инвесторлар, бизнес-тренерлер, әлемдік интернет-бизнестің ойыншылары, сарапшылар қатысады.

Алматы. 19 мамыр. Kazakhstan today. Астанада ASTEX-2014 Халықаралық көрме-конференциясы өз жұмысын бастады. Жыл сайынғы дәстүр бойынша биылғы жылы да көрмеге шетелдік спикерлер - ірі компаниялардың басшылары, инвесторлар, бизнес-тренерлер, әлемдік интернет-бизнестің ойыншылары, сарапшылар қатысады.

Көрме-конференцияның ресми ашылу салтанатында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтың атынан ҚР Байланыс және ақпарат агенттігінің төрағасы Асқар Жұмағалиев қатысушыларға алғысөз арнады.

Атап айтқанда, "Ақпараттық Қазақстан -2020" мемлекеттік бағдарламасында қарастырылған кешенді іс-шараларды жүзеге асырудың, байланыстың жаңа технологияларын енгізудің, байланыс пен интернеттің жылдамдығын арттырып, қызмет бағасын арзандатудың арқасында 2020 жылға қарай электрондық коммерцияның жалпы тауарлар мен қызметтер нарығындағы үлесін 10%-ға жеткізу көзделуде.

Шақырылған қонақтардың арасынан Cars.com-ның негізін қалаушы және Оңтүстік Корея мемлекеті президентінің кеңесшісі Янг Им Чо, рейтингтік көрсеткішке сәйкес АҚШ-тағы екінші электрондық коммерция нарығының қатысушысы - NewEgg компаниясының бас директоры Роберт Беллак, Cybersecurity Malaysia компаниясының бас директоры А. Охаб сөз сөйледі.

Айтып өткен жөн, мамырдың 19-20 күндері "Қазмедиа орталығында" өтетін Халықаралық көрме-конференция аясында Силикон алқабының жаңашылдары өздерінің баяндамаларын көпшілік назарына ұсынады. Сондай-ақ, ынтымақтастық меморандумдарына қол қойылады.

ASTEX-2014 көрме-конференциясын ҚР Байланыс және ақпарат агенттігі, "Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингі"АҚ, "АКТ дамыту қоры" КҚ ұйымдастырып отыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны