03.07.2014, 21:09 3691

Астанада "Азия жаңғырығы" халықаралық фестивалі өтуде

Астана күнін тойлау аясында 8 елдің цирк өнерпаздары жыл сайынғы халықаралық "Азия жаңғырығы" фестивалінде өз өнерлерін паш етуде.

Алматы. 3 шілде. Kazakhstan today. Астана күнін тойлау аясында 8 елдің цирк өнерпаздары жыл сайынғы халықаралық "Азия жаңғырығы" фестивалінде өз өнерлерін паш етуде.

"Елорда күні қарсаңында көптеген мерекелік шаралардың өтуі бірте-бірте дәстүрімізге айналып бара жатыр. Соның ішінде "Азия жаңғырығы" халықаралық цирк өнері фестивалінің орны ерекше. Биыл шара жетінші рет өтіп отыр. Биылғы шараға 8 елдің өнерпаздары қатысуда. Атап айтар болсақ, олар Украина, Ресей, Өзбекстан, Монғолия, Вьетнам, Якутия, Қытай мен Қазақстан өнерпаздары. Вьетнам мен Якутия өкілдері биыл алғаш рет қатысуда", - дейді елордалық цирктің режиссері Лилия Кудерко.

Айта кету керек, фестиваль бағдарламасында жонглер-виртуаздар, арқанға өрмелеушілер, әуе гимнасттары, партерлі акробаттар, хула-хупалар, шығыс түйе керуені, жылқы-акробаттық ансамбль мен көңілді сайқымазақтар қала тұрғындарының көңілдерін көтермек.

"Қатысушылар саны 30-дан асады. Алдағы уақытта әлемдік деңгейдегі цирк өнері майталмандары өнерпаздардың өнерін бағалайтын болады. Қызықтың бәрі алда", - дейді режиссер.

Естеріңізге сала кетейік, Елорда күнін тойлау аясында 1-8 шілде аралығында қала әкімдігінің қолдауымен Астана циркі "Азия жаңғырығы" атты халықаралық цирк фестивалін ұйымдастыруда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны