20.06.2014, 20:22 3062

Астанада БАҚ саласындағы сыйлықты тағайындау бойынша комиссия отырысы өтті

ҚР Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлығын тағайындау, гранттарын тапсыру және алғысын жариялау жөніндегі Қоғамдық комиссияның отырысы өтті.

Алматы. 20 маусым. Kazakhstan today. ҚР Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлығын тағайындау, гранттарын тапсыру және алғысын жариялау жөніндегі Қоғамдық комиссияның отырысы өтті.

Отырысқа Комиссия мүшелері - бұқаралық ақпарат құралдарының, шығармашылық одақтардың, журналистер қоғамдық бірлестіктерінің және мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Отырысқа қатысушылар бұқаралық ақпарат құралдарының мемлекеттілікті нығайтудағы маңызды рөліне назар аударды.

Биыл Қоғамдық комиссия атына 57 ұсыным келіп түсті, соның ішінде 48-і журналистерге, 9-ы шығармашылық ұжымдарға қатысты болды. Бұл ретте 41 ұсынымды баспасөз, 16 ұсынымды электронды БАҚ жолдады.

Комиссия мүшелері журналистік жұмыстар деңгейінің жоғары болғанын, сондай-ақ олардың Қазақстанның бүгінгі дамуындағы маңызды қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық мәселелерді жариялап-көрсетуге қосқан үлесін атап өтті.

Талқылау қорытындысы бойынша Қоғамдық комиссия ашық дауыс беру арқылы БАҚ өкілдеріне Президенттің екі сыйлығын тағайындау, екі грантын тапсыру және Президенттің алғысын төрт шығармашылық ұжымға жариялау жөнінде Мемлекет басшысына ұсыныс беру туралы бір ауыздан қаулы етті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны