09.06.2014, 22:34 3221

Астанада балық ресурстары мен су жануарларын қорғауға қатысты меморандумға қол қойылды

Астанада Қазақстан Республикасы қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров ҚР ҚОСРМ жанындағы орман, аңшылық және балық шаруашылығы жөніндегі Қоғамдық кеңесінің балық шаруашылығы секциясы отырысын өткізді.

Алматы. 9 маусым. Kazakhstan today. Астанада Қазақстан Республикасы қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров ҚР ҚОСРМ жанындағы орман, аңшылық және балық шаруашылығы жөніндегі Қоғамдық кеңесінің балық шаруашылығы секциясы отырысын өткізді.

Кеңес отырысына ҚР ҚОСРМ Балық шаруашылығы комитетінің, Қазақ балық шаруашылығының ғылыми-зерттеу институтының басшылары, сондай-ақ, "Казахрыбхоз" балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығының өкілдері қатысты, деп қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Басқосу барысында Орал-Каспий бассейнінде бекіре тұқымдас балық популяцияларын сақтау және қалпына келтіру шаралары, спорттық-әуесқойлық балық аулауды дамыту, сондай-ақ бөтен кірме балық түрлерінің Балқаш-Іле су бассейніне инвазиясына қатысты проблемаларды шешу жолдары талқыланды.

Отырыс соңында Қазақстан Республикасы қоршаған орта және су ресурстары министрлігі және "Казахрыбхоз" балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы арасында балық ресурстары мен су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ынтымақтастығы және өзара әрекеттесуі жөніндегі меморандум қабылданды.

Құжатқа Қазақстан Республикасының қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров және "Казахрыбхоз" балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығының басқарма төрағасы Владимир Бобров қол қойды.

Меморандумның мақсаты - мемлекет пен қоғамның балық ресурстары мен су жануарларын және олардың тіршілік ету ортасын сақтау және оларды тұрақты пайдалануда, тиімді және заң талаптарына жауап беретін басқарушы шешімдерді қабылдауда, әкімшілік кедергілерді азайту және сыбайлас жемқорлыққа жол беретін жағдайларды болдырмау ісіндегі күштерін біріктіру.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны