03.04.2015, 22:09 3781

Астанада Бас әскери госпиталініӊ дәрігерлерін марапаттау рәсімі өтті

Мерекелік іс-шараныӊ екінші бөлімі ғылыми конференцияға арналды. Искери дәрігерлер қазақстандық әскери медицинаныӊ жетістігі мен одан әрі дамуы, госпиталдегі озық технологияларды ендіру тәжірибесін талқылады.

Астана. 3 сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін еліміздіӊ Бас әскери клинкалық госпиталі 15 жылдығын атап өтуде. Атаулы мерейтой қарсаӊында Астанадағы Медициналық университетінде әскери қызметшілер мен қызметкерлерді марапаттауға арналған салтанатты шара өтті. Шақырылған қонақтар, оныӊ ішінде ардагерлер, госпиталдіӊ дәрігерлер құрамы, әскери-медициналық қызметтіӊ өкілдері, Ақмола гарнизоныныӊ әскери бөлімдер мен мекемелер, бөлімше басшылары, және ҚР ҚК Бас әскери-медициналық басқармасыныӊ мамандары, әскери оқу орындары мен әскери-медициналық кафедра қызметкерлерініӊ алдында ҚР ҚМ Орталық ансамблініӊ әртістері арнайы өнер көрсетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Мерекелік іс-шараныӊ екінші бөлімі ғылыми конференцияға арналды. Искери дәрігерлер қазақстандық әскери медицинаныӊ жетістігі мен одан әрі дамуы, госпиталдегі озық технологияларды ендіру тәжірибесін талқылады. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Елімізде бұдан 15 жыл бұрын Бас әскери клиникалық госпиталдіӊ құрылуымен қатар әскери медицинаны кешенді жетілдіру және құрылымын дамыту бастау алған болатын. Мекеме Қазақстанныӊ барлық өӊірлерінде орналасқан он алты әскери госпиталмен тығыз байланыс орната отырып, алыс-жақын шетелдіӊ әскери дәрігерлерімен өзара іс-қимыл және тәжірибе алмасуды іске асыруда.

Бүгін медициналық мекемеде 400-ге жуық дәрігер, медбике қызмет атқарады. Олардыӊ ішінде 80 дәрігер - медицина ғылымдарыныӊ түрлі салалары бойынша қазақстандық армияныӊ денсаулық жүйесін қадағалайтын жоғарғы білікті мамандар.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны