23.02.2017, 19:08 7060

Астанада Бас әскери прокуратура мен Қорғаныс министрлігініӊ бірлескен алқа отырысы өтті

Отырыс барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтыӊ алдын алу мәселелері қаралып, 2016 жылғы әскерге шақыру қорытындылары мен проблемалық мәселелері талқыланды, сондай-ақ алдағы 2017 жылғы әскерге шақыру науқанына тапсырмалар белгіленді.

Астана. 23 ақпан. Kazakhstan Today - Астанада Бас әскери прокуратура мен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігініӊ бірлескен алқа отырысы өтті. Отырыс барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтыӊ алдын алу мәселелері қаралып, 2016 жылғы әскерге шақыру қорытындылары мен проблемалық мәселелері талқыланды, сондай-ақ алдағы 2017 жылғы әскерге шақыру науқанына тапсырмалар белгіленді.

Алқа отырысына Қорғаныс министрлігініӊ мен Бас штабтыӊ, Бас әскери прокуратураныӊ басшылары, Қарулы Күштері түрлерініӊ бас қолбасшылары, ҚМ, БШ және ҚР ҚК құрылымдық бөлімшелерініӊ бастықтары, қорғаныс істері жөніндегі департаменттерініӊ бастықтары, облыстық және қалалық шақыру комиссияларыныӊ төрағалары, Білім беру, Денсаулық сақтау, Инвестициялар мен даму жөніндегі министрліктердіӊ өкілдері, ҚР ҚМ әскери-техникалық мектептерініӊ басшылары қатысты. Тікелей видео байланысы арқылы жерлерде әскер тектерініӊ, сондай-ақ өӊірлік қолбасшылық әскерлерініӊ қолбасшылары, жергілікті әскери басқару органдары мен әскери полиция бөлімдері тартылды.

"Искери міндеттілік Қазақстан Республикасы азаматтарыныӊ Отан алдындағы борышын өтеу жөніндегі конституциялық парызын орындауды жүзеге асыру мақсатында енгізілген және біздіӊ сіздермен бірлесіп атқаратын міндетіміз - әскерге шақыру мен егеменді еліміздіӊ қорғаныс қабілетіне тікелей әсер ететін азаматтардыӊ әскери қызметті өткеруін сапалы түрде қамтамасыз ету", -деп атап өтті ҚР Қорғаныс министрі генерал-полковник Сәкен Жасұзақов. Искерге шақыруды ұйымдастыру, шақыру комиссияларыныӊ жұмыс істеуіне қажетті жағдайларды жасау және шақырылушыларды іріктеудіӊ жоғары деӊгейде өтуі олардыӊ жұмысына тікелей байланысты болғандықтан, Министр шақыру комиссияларыныӊ төрағалары - облыс әкімдерініӊ және Астана мен Алматы қалалары әкімдерініӊ орынбасарларына назар аударып сөз сөйледі. Сонымен қатар, әскерге шақыруды ұйымдастыруға барынша жауапкершілікпен қарауды атап өтті. Сыбайлас жемқорлыққа жол беретін құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында жергілікті әскери басқару органдарында өткізілетін іс-шаралардыӊ ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз етуді айтып өтті.

Алқа отырысында Бас әскери прокурор әділет генерал-лейтенанты Ерғали Мерзадинов өз кезегінде сыбайлас жемқорлық проблемасына ымырасыздықтыӊ маӊыздылығын атап өтті. "Жоғарғы Бас Қолбасшы әскери шенді адамдарға ерекше талап қойып отыр. Бұл жөнінде Елбасы осы ведомстваныӊ қабырғасында бірнеше мәрте айтты", - деді ол.

Алқа отырысыныӊ соӊында әскерге шақыруды сапалы ұйымдастыру және оны жүргізуге ықпал етуді іске асыратын нақты бағыттарды белгіленіп, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтыӊ алдын алу және онымен тиімді күрес жүргізу жөнінде нақты ұсыныстар берілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны