28.05.2014, 22:07 2738

Астанада бейбітшілік және прогресс мемлекеттік сыйлығын тағайындау жөнінде отырыс өтті

Мемлекеттік хатшы Иділбек Жақсыбековтің төрағалығымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының бейбітшілік және прогресс мемлекеттік сыйлығын тағайындау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы. 28 мамыр. Kazakhstan today. Мемлекеттік хатшы Иділбек Жақсыбековтің төрағалығымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының бейбітшілік және прогресс мемлекеттік сыйлығын тағайындау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Отырыста аталған сыйлықтың дәрежесін көтеру және нығайту, шет елдерде осындай марапаттарды тағайындау тәжірибесі туралы мәселелер қаралды.

Қаралған мәселе бойынша ортақ шешімдер қабылданып, тиісті мемлекеттік органдарға алда атқарылар жұмыстар туралы нақты тапсырмалар берілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны