02.03.2012, 14:46 3641

Астанада "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасын жетілдіру мәселелері бойынша кеңейтілген мәжіліс өтіп жатыр

Іс-шараның мақсаты - "Бизнестің Жол картасы 2020" Бағдарламасын одан әрі жетілдіру мәселелерін, атап айтсақ, жобаларды қаражаттандырудың жаңа механизмдері мен бағыттарын және КОБ субъектілер несиелерін кепілдендірудің жаңа жүйесін талқылау болып табылады, деп хабарлайды BNews.kz ақпараттық агенттігі.

Астана. 2-наурыз. Kazakhstan Today - Астанада "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасын жетілдіру мәселелері бойынша кеңейтілген мәжіліс өтіп жатыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Іс-шараның мақсаты - "Бизнестің Жол картасы 2020" Бағдарламасын одан әрі жетілдіру мәселелерін, атап айтсақ, жобаларды қаражаттандырудың жаңа механизмдері мен бағыттарын және КОБ субъектілер несиелерін кепілдендірудің жаңа жүйесін талқылау болып табылады, деп хабарлайды BNews.kz ақпараттық агенттігі.

Кеңейтілген мәжіліске Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Т.Орынбаев, Қазақстан Республикасы экономикалық даму және сауда министрі Б.И.Сағынтаев, ҚР ЭДСМ Кәсіпкерлікті дамыту Комитетінің төрағасы Қ.М.Ийтекенов, "Даму" КДҚ" АҚ Басқарма төрағасы Л.Е.Ибрагимова, облыс әкімдерінің орынбасарлары, облыстық өндіріс және кәсіпкерлік басқармаларының басшылары, "Даму" КДҚ" АҚ аймақтық филиалдарының директорлары, кәсіпкерлер, ҚР ЕДБ және қаржы ұйымдары өкілдері, ҮЕҰ және БАҚ өкілдері қатысты.

"Бизнестің Жол картасы 2020" Бағдарламасының жүзеге асырылуына жауапты өкілетті орган Қазақстан Республикасы экономикалық даму және сауда министрлігі. Операторы - "Даму Кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны