11.01.2019, 14:42 6671

Астанада Бозоқ тарихи-мәдени кешенін құру жұмыстары жүргізілуде

Қазақстан Республикасыныӊ Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесіп, 2020-шы жылға дейін Бозоқ тарихи-мәдени кешенін құру жұмыстарын аяқтауды жоспарлап отырмыз. Бұдан әрі Бозоқ халықаралық деӊгейдегі мәдени, туристік және ғылыми-зерттеу орталығы, сондай-ақ Еуразия аймағындағы археологиялық-этнографиялық зерттеу ғылыми-әдістемелік базасы болады", - деді Бақыт Сұлтанов.

Астана. 11 қаӊтар. Kazakhstan Today - Астанада Бозоқ тарихи-мәдени кешенін құру жұмыстары жүргізілуде.

Биыл Мемлекет басшысыныӊ "Рухани Жаӊғыру" және "Ұлы даланыӊ жеті қыры" бағдарламалық мақалаларын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жалғасатын болады, деп хабарлайды елорда әкімдігініӊ ресми сайты.

2018 жылдыӊ қорытындылары мен 2019 жылдыӊ жоспарларына арналған қала активініӊ кеӊейтілген аппараттық кеӊесі барысында Астана әкімі Бақыт Сұлтанов елорда әкімдігі Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесіп, 2020 жылға дейін Бозоқ тарихи-мәдени кешенін құру жұмыстарын аяқтауды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

"Биыл Мемлекет басшысыныӊ "Рухани Жаӊғыру" және "Ұлы даланыӊ жеті қыры" бағдарламалық мақалаларын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жалғасатын болады. Оныӊ шеӊберінде бірнеше виртуалды музейлер құру, мұрағаттық деректерді цифрлау, мектептерде өлкетану музейі мен тарихи-археологиялық қозғалыстарды құру жоспарлануда.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасыныӊ Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесіп, 2020-шы жылға дейін Бозоқ тарихи-мәдени кешенін құру жұмыстарын аяқтауды жоспарлап отырмыз. Бұдан әрі Бозоқ халықаралық деӊгейдегі мәдени, туристік және ғылыми-зерттеу орталығы, сондай-ақ Еуразия аймағындағы археологиялық-этнографиялық зерттеу ғылыми-әдістемелік базасы болады", - деді Бақыт Сұлтанов.

Ал археологиялық ескерткіштердіӊ аумағында экспедициялар ұйымдастырылмақ.

"Киелі Астана" жобасы аясында тарихи ескерткіштерді зерттеу үшін 4 археологиялық нысанныӊ аумағында ғылыми экспедициялар ұйымдастырылады. Экспедицияныӊ нәтижесінде арнайы кітаптар, журналдар мен фотоальбомдар басылып шығарылады деп жоспарланып отыр. Мұныӊ барлығы елордадағы туризм дамуыныӊ іскерлік келбетін дамытып қана қоймай, оныӊ тарихи-мәдени әлеуетін арттырады", - деп атап өтті қала әкімі.

Сонымен қатар, "Ұлы даланыӊ ұлы өркениеттері" жалпыұлттық тарихи-реконструкциялар клубы құрылып, оныӊ негізінде Астана мен Қазақстанныӊ өзге өӊірлерінде көне сақтар; ғұндар, ұлы түркі қағандарыныӊ дәуірі тақырыптарында фестиваль өткізілетін болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны