30.11.2009, 16:33 5855

Астанада "Цеснабанкті" тонауға жасалған талпынысқа қатысушы бір адам ұсталды

Астанада "Цеснабанкті" тонауға жасалған талпынысқа қатысушы бір адам ұсталды

Астаан. 30 қараша. Kazakhstan Today - Астанада "Цеснабанкті" тонауға жасалған талпынысқа қатысушы бір адам ұсталды. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Қуанышбек Жұманов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Қазан айында Астана қаласының Бейбітшілік көшесіндегі "Цеснабанк" ғимаратының еденінде тесік анықталғаны туралы ақпарат келіп түскен болатын.

Тергеу барысында анықталған тоннельден шығатын жол "Байланыс-2" гараждар қоғамының гаражында анықталды. Сонымен қатар полиция қызметкерлері ағымдағы жылғы 24 қарашада Астана қаласының 32 жастағы жұмыс істемейтін тұрғынын ұстады, ол өткен жылдың мамыр-шілде айларында "Цеснабанк" АҚ-мен депозитарийді жалға алуға келісім-шартқа отырғаны анықталды",- деді Қ.Жұманов.

"Қазіргі уақытта қылмыстың қатысушылары анықталуда. Ұсталған азаматтың басқа да ашылмаған қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны