27.01.2016, 09:21 4135

Астанада депутаттар сайлауын өткізу бойынша баспасөз орталығы ашылды

Бүгін "Гранд Парк Есіл" қонақ үйініӊ мәжіліс залында Астана қаласыныӊ баспасөз орталығы ашылды, оныӊ басты мақсаты ҚР Парламенті Мәжілісініӊ және Астана қаласыныӊ мәслихат депутаттарын сайлау барысын баяндау болып табылады

Астана. 27 қаӊтар. Kazakhstan Today - Бүгін "Гранд Парк Есіл" қонақ үйініӊ мәжіліс залында Астана қаласыныӊ баспасөз орталығы ашылды, оныӊ басты мақсаты ҚР Парламенті Мәжілісініӊ және Астана қаласыныӊ мәслихат депутаттарын сайлау барысын баяндау болып табылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

ҚР Президенті Н.И. Назарбаевтыӊ 2016 жылғы 20 қаӊтардағы "Бесінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентініӊ Мәжілісін тарату және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарыныӊ кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы" Жарлығына сәйкес, үстіміздегі жылдыӊ 20 наурызында ҚР Парламенті Мәжілісініӊ депутаттарын кезектен тыс сайлауы және барлық деӊгейдегі мәслихат депутаттарыныӊ кезекті сайлауы өтеді, деп хабарлайды www.astana.gov.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысыныӊ кезектен тыс сайлау өткізу туралы Жарлығын іске асыру аясында бүгін осы кезеӊде жүргізілетін барлық процестер туралы кеӊінен баяндау үшін баспасөз орталығы ашылды, барлық қажетті ақпарат қала тұрғындары үшін қол жетімді болады", - деді Астана қаласы Ішкі саясат басқармасыныӊ басшысы Ерлан Каналимов баспасөз мәслихаты барысында.

Орталық күн сайын таӊғы сағат 09.00 кешкі сағат 18.00 дейін, демалыссыз жұмыс істейді, ал сайлауға дейін бір ай қалғанда орталық 12 сағаттық жұмыс күніне көшеді. Орталық саяси партиялардыӊ және қоғамдық бірлестіктер мүшелерініӊ БАҚ өкілдерімен кездесулерін ұйымдастыру, сондай-ақ, электоралды кезеӊ ішінде алдағы сайлау бойынша өзекті ақпараттарды жеткізу үшін құрылған.

Бұдан басқа, үстіміздегі жылдыӊ 1 ақпанынан бастап баспасөз орталығында халықаралық бақылаушыларға, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарыныӊ өкілдеріне көмектесетін орталық ашылады. Баспасөз орталығыныӊ толлыққанды жұмыс істеуіне барлық жағдай жасалады. Ал 5 ақпанда Астана қаласыныӊ әкімдігі қала тұрғындарына өз сайлау учаскесі туралы мәлімет беретін бірыӊғай байланыс орталығын іске қосады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны