19.06.2015, 14:32 3934

Астанада ЕАЭО темір жол тасымалын кедендік реттеу мәселелері талқыланды

Астанада Қазақстан, Ресей және Белорусь мемлекеттерініӊ темір жол әкімшіліктері өкілдерініӊ XIV бірлескен жұмыс тобыныӊ отырысы өткізілді, деп хабарлады "ҚТЖ" ҰК" АҚ

Астана. 19 Маусым. Kazakhstan Today - Астанада Қазақстан, Ресей және Белорусь мемлекеттерініӊ темір жол әкімшіліктері өкілдерініӊ XIV бірлескен жұмыс тобыныӊ отырысы өткізілді, деп хабарлады "ҚТЖ" ҰК" АҚ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Отырыс барысында "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ, "Белоруссия темір жолы" ММ, "Ресей темір жолы" ААҚ Еуразиялық экономикалық одақ аясында жетілдірілген кедендік келісім құқықтық базасын жасап, ұсыныс енгізді. Оныӊ ішінде Кеден одағы аясында ЕЭО жобасы ережесініӊ кейбір бөлімдерін қамтыды, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Мәселен, болашақ міндеттеменіӊ бірі ретінде тасымалдаушыға тауары жөніндегі ақпараттарды ЕЭО аумағындағы кедендік орындардан жедел өтуі үшін мүдделі тараптарға алдын ала беру жайы келісілді. Оған қоса теміржолмен тасымалдаушыныӊ алдын -ала жаӊсақ ақпараттарды кеден орындарына беру кезіндегі жауапкершілігін құжаттан алып тастау ұсынылды.

Сонымен қатар ЕЭО мүше мемлекеттердіӊ темір жол тасымалдаушыларыныӊ тауарды жоғалтуына жауапкершілігі, тауарларды тасымалдаудыӊ бірыӊғайландырылған идентификациялық құралдарын жоғалтып алғандығы үшін ЕЭО мүше емес елдердіӊ жауапкершілігін алып тастау ұсынылды.Отырысқа қатысушылар кедендік бақылау орнатуға тиесілі тауарларды жеткізу уақытын ұзарту тәртібі, теміржол өткізу бекеттерін көкжелектендірудіӊ ұлттық заӊдылықтарыныӊ талаптары, басқа да Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы мемлекеттердіӊ мемлекеттік органдарыныӊ шешімдері туралы өзекті жайлары талқыланды.

Отырыс барысында Бірлескен жұмыс тобы құрамына Армения мен Қырғызстан темір жол әкімшіліктерініӊ өкілдерін тарту көзделді. Жұмыс тобыныӊ ұсыныстары мемлекеттік құзырлы органдар мен қоғамдық орындарға, ықпалдасқан бизнес қауымдастықтарға жолданды.

Олар жұмыс тобыныӊ кезекті XV отырысын 2015 жылдыӊ төртінші тоқсанында Белорусь республикасында өткізуге уағдаласты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны