14.09.2010, 15:30 3688

Астанада екі жасөспірімнің түнде ойын-сауық орындарынан табылғандығына байланысты олардың ата-аналары жауапқа тартылды - ІІД

Астанада екі жасөспірімнің түнде ойын-сауық орындарынан табылғандығына байланысты олардың ата-аналары жауапқа тартылды. Бұл туралы баспасөз мәслихатында Астана қаласының ІІД есірткі бизнесімен күрес басқармасының бастығы Аясын Байділдәев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 14 - қыркүйек. Kazakhstan Today - Астанада екі жасөспірімнің түнде ойын-сауық орындарынан табылғандығына байланысты олардың ата-аналары жауапқа тартылды. Бұл туралы баспасөз мәслихатында Астана қаласының ІІД есірткі бизнесімен күрес басқармасының бастығы Аясын Байділдәев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Қыркүйектің 10-11 күндері "Астана- есірткісіз қала" атты арнайы рейд жүргізу барысында "Нефть" түнгі клубы мен "Ставка KZ" компьютерлік клубында кәмелеттік жасқа толмаған екі жас жеткіншек ұсталып, оларға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Осыған байланысты олардың ата-анасы Икімшілік құқық бұзушылық кодексіне сәйкес жауапқа тартылып отыр", - деп хабарлады Аясын Байділдәев.

Сондай-ақ ол, ойын-сауық орындарының иелері 5-10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейтін болады,- деп атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны