02.06.2017, 17:08 6826

Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған халықаралық көрмесінде Қызылорда облысы 6 инновациялық жоба ұсынады

Көрме уақытында облыс Астананы 7 608 тонна өніммен қамтуы тиіс. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасыныӊ басшысы Бақыт Жақановтыӊ айтуынша, осыған дейін күріш пен балықтыӊ алғашқы партиясы жіберілді. Астаналықтар Жаӊақорғанныӊ қауын-қарбызынан 27 шілдеден кейін дәм тата алады. Сырбойылықтардыӊ сәлемдемесі Алай базарында сақталып, сатылады.

Қызылорда. 2 маусым. Kazakhstan Today - 10 маусым күні Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі ашылады. Елордада өтетін ЭКСПО-ныӊ тақырыбы: "Болашақ энергиясы" болмақ.

Халықаралық көрмеде Қызылорда облысы 6 инновациялық жоба ұсынады. Олар: "Қызылорда қаласында ескі автокөлік дөӊгелектерін қайта өӊдеу (қалпына келтіру) арқылы резеӊке ұнтақтары мен жер асты суару түтіктерін шығаратын өндірісін ұйымдастыру" жобасы. "Қызылорда облысында күніне 50 МВт электр энергиясын шығаратын Байқоӊыр күн электр станциясын салу" жобасы. "Қызылорда қаласындағы тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару саласын жаӊғырту" жобасы. "Қызылорда облысында суармалы жүйе технологиясын пайдалану арқылы алқапты көгалдандыру" жобасы. "Құрамында сынабы бар электрүнемдеуші шамдарды жинау және залалсыздандыру" жобасы. "Қызылорда қаласында табиғи газбен жүретін автобус паркін ұйымдастыру" жобалары. Бұл туралы бүгін Өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысыныӊ орынбасары Азамат Досжанов мәлімдеді.

Көрме уақытында облыс Астананы 7 608 тонна өніммен қамтуы тиіс. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасыныӊ басшысы Бақыт Жақановтыӊ айтуынша, осыған дейін күріш пен балықтыӊ алғашқы партиясы жіберілді. Астаналықтар Жаӊақорғанныӊ қауын-қарбызынан 27 шілдеден кейін дәм тата алады. Сырбойылықтардыӊ сәлемдемесі Алай базарында сақталып, сатылады.

- 3-4 маусымда Атырау, Батыс Қазақстан облыстарымен бірлесіп жәрмеӊке өткіземіз. Мұндай жәрмеӊкелер 15-16 шілдеде, 5-6 тамызда, 16-17 қыркүйекте де ұйымдастырылады, - деді басқарма басшысы.

Брифинг барысында облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысыныӊ орынбасары Жанат Құрамысова Астанадағы Қызылорданыӊ өнері мен мәдениет күндері аясында өткізілетін іс-шаралармен таныстырды.

- Көрме өткізілу кезеӊінде "Астана - Байқоӊыр - Астана" және "Алматы - Байқоныр - Алматы" бағытында жүйелі түрде қатынайтын әуе рейстерін ашу жоспарланып отыр. "Байқоӊыр" ғарыш айлағына туристерді тарту мақсатында отандық туроператорлармен жұмыс жүргізілуде. Олардыӊ мәліметі бойынша көптеген шетелдік туристер (Англия, Германия, Қытай) "Байқоӊыр" ғарыш айлағын көруді жоспарлап отыр, - дейді "EXPO-2017" ресурстық орталығыныӊ директоры Жандос Тұсмағамбетов.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны