29.04.2015, 09:14 4345

Астанада "ЭКСПО-2017 саяжолы" пайда болды

2015 жылдыӊ 28 сәуірінде "Астана ЭКСПО-2017" Ұлттық компаниясы "Ұлттық орман отырғызу күні" науқанын өткізді. Іс-шара аясында қатысушылар "ЭКСПО-2017 саяжолында" 1630 көшетті екті. "ЭКСПО-2017 саяжолы" қаланыӊ көркін келтіріп қана қоймай, сонымен бірге, елорда оқушылары мен қоғамдық қайраткерлердіӊ Астананыӊ "жасыл" қорын қалыптастыруға қосқан үлкен үлестерініӊ біріне айналмақ

Астана. 29 сәуір. Kazakhstan Today - 2015 жылдыӊ 28 сәуірінде "Астана ЭКСПО-2017" Ұлттық компаниясы "Ұлттық орман отырғызу күні" науқанын өткізді. Іс-шара аясында қатысушылар "ЭКСПО-2017 саяжолында" 1630 көшетті екті. "ЭКСПО-2017 саяжолы" қаланыӊ көркін келтіріп қана қоймай, сонымен бірге, елорда оқушылары мен қоғамдық қайраткерлердіӊ Астананыӊ "жасыл" қорын қалыптастыруға қосқан үлкен үлестерініӊ біріне айналмақ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Іс-шараны "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ, "Жасыл" экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту коалициясы", "Тұрақты даму" Жер қоры" және Назарбаев Зияткерлік мектебі ұйымдастырды.

Науқанды "Астана ЭКСПО-2017" ҰК Басқарма Төрағасы Талғат Ермегияев құттықтау сөзімен ашып, Қазақстанныӊ әрбір қаласыныӊ өзініӊ "ЭКСПО-2017 саяжолы" болсын деген тілегімен науқанға қатысушылардыӊ барлығына алғысын білдірді.

"Біз көрменіӊ "Болашақ энергиясы" тақырыбын ілгерілетуге қосқан сіздердіӊ әрбіріӊіздіӊ үлестеріӊізді жоғары бағалаймыз және де алда келе жатқан ЭКСПО-2017 көрмесініӊ арқасында бір алаӊда барлығыӊыздыӊ бастарыӊызды қосып, сіздерден қолдау тауып, ЭКСПО саяжолын егіп отырғанымызға аса қуаныштымыз. Астананыӊ ЭКСПО саяжолы Қазақстанныӊ барлық өӊірлерінде осындай көптеген саяжолдардыӊ отырғызылуына бастама беріп, жас көшеттер ЭКСПО-2017 көрмесініӊ елімізге қалдырған мирасына айналады деп үміттенемін", - деп атап өтті Т.Ермегияев.

Сондай-ақ, іс-шара кезінде ҚР Сыртқы істер министрініӊ бірінші орынбасары - ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрменіӊ комиссары Рәпіл Жошыбаев, БҰҰ-ныӊ Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісі Стивен Тулл және "Назарбаев Зияткерлік мектебі" ААҚ басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова қатысушылар алдында сөз сөйледі.

Рәпіл Жошыбаев атап өткендей, "ЭКСПО-2017 саяжолында" ағаштарды отырғызу ерекше мәнге ие, өйткені алда келе жатқан көрмеде қамтылған тақырыптардыӊ бірі ғаламшарымыздағы ауаға шығарылатын көмірқышқыл газы мөлшерін азайтуға арналған, ал қалада жас көшеттердіӊ көбейіп отырғаны - қоршаған ортамызды сақтау үшін тағы да бір алға қарай қадам басқанымыздыӊ айғағы.

6 қатар етіп отырғызылған "ЭКСПО-2017 саяжолы" іс-шараға қатысқандар еӊбегініӊ жемісіне айналды. Осы қатарлардыӊ әрқайсысында нақты бір адамдар тобы - дипломаттар, ҚР Парламент депутаттары, бизнесмендер, ҮЕҰ өкілдері, жастар, Назарбаев Зияткерлік мектебініӊ оқушылары ағаш екті.

Іс-шара қатысушыларына арнап концерттік бағдарлама және ЭКСПО-2017 еріктілерініӊ флешмобы ұйымдастырылды.

*

"Астана ЭКСПО-2017" Ұлттық компаниясы" АҚ ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындалу және оны өткізу үшін 2013 жылдыӊ 15 қаӊтарында құрылды. Көрме Астанада 2017 жылдыӊ 10 маусымынан бастап 10 қыркүйегіне дейінгі аралықта өтеді.

Оған 100 ел, 10-нан аз емес халықаралық ұйым, инновациялық технологиялар саласындағы 10 көшбасшы компания қатысады деп жоспарлануда. Жалпы алғанда, көрмеге 2 миллионнан аса қонақ 5 миллионға жуық рет келеді деп күтілуде.

Қосымша ақпарат алу үшін "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне хабарласыӊыз

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны