12.03.2014, 20:59 5118

Астанада ЭКСПО-2017-ге қарсы автобус паркі толықтай газ қондырғысымен жабдықталған көлікпен қамтылады

Бүгін Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов Қазақстанға кезекті сапары аясында Халықаралық көрмелер бюросының Бас Хатшысы Висенте Гонсалес Лоссерталеспен кездесті, тараптар қаланы "ЭКСПО-2017" көрмесіне дайындау барысын сөз етті.

Алматы. 12 наурыз. Kazakhstan today. Бүгін Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов Қазақстанға кезекті сапары аясында Халықаралық көрмелер бюросының Бас Хатшысы Висенте Гонсалес Лоссерталеспен кездесті, тараптар қаланы "ЭКСПО-2017" көрмесіне дайындау барысын сөз етті.

"БРТ бірінші кезегінің құрылысына бәрі дайын. Жоба 100% қаржыландырылды және мамыр айының соңында маусым айының басында құрылыс жұмыстары белсенді жүргізіледі, экологиялық бағдарламамен байланысты екінші жоба - жолаушылар тасымалы бойынша көлік құрамын Францияда шығарылатын "ВЕКО" компаниясының газбен жүретін жаңа автобустарына ауыстыру болып табылады. Жалпы, қалаға 1500 автобус керек. Қазіргі уақытта 350 автобустық келісім-шартқа қол қойылды, маусым айында автобустар жеткізіле бастайды, келісім-шарттар жасасу жалғасады. Ирине, 2017 жылға қарай автобус паркі газбен жүретін автобустармен жаңартылады",- деді әкім.

Астанада негізгі екі сала бойынша жүзеге асырылып жатқан жобаларға: жол-көлік инфрақұрылымын дамыту және энергия үнемдеу технологияларын енгізуге тоқталды.

Қаланы жайлы көлік логистикасымен қамтамасыз ету мақсатында бірнеше бағыттағы кешенді жоспар әзірленді. Нақтырақ айтқанда, ЭКСПО өтетін ауданда жалпы ұзындығы 19 шақырымдық 4 көше салынбақ, соның ішінде Қабанбай батыр даңғылының әуежайдан Қорғалжын тас жолына дейінгі бөлігі қайта салынады, сондай-ақ, 2017 жылға қарай ұзындығы 17 шақырымдық Шағын айналым жолының және орталықтағы қозғалысты жеңілдететін 32 шақырымдық магистраль көшелердің құрылысы аяқталады.

Кездесу барысында Астана қаласының әкімі "Қауіпсіз қала" бағдарламасына тоқталып, елордадағы қонақ үйлер мен тұрғын үй құрылысы туралы егжей-тегжейлі айтып берді, деп қала әкімдігінің ресми сайтында хабарлады.

"Қазақстанның өңірлерінен келетін ағыннын автовокзалдар арқылы таратылуы үшін 2 автовокзалдың құрылысы қолға алынады. Теміржол вокзалы салынып жатыр. Ол елордамыз үшін қажет. Бұл жерде қаланың мүддесі "ЭКСПО-2017" көрмесін өткізуге сайма-сай болып тұр. Бүгінде Халықаралық әуежайдың жаңа терминалын кеңейту және салу жобалануда. Меніңше, бекітілгеннен кейін, күзге қарай тиісті жұмыстар жүргізіле бастайды", - деді қала басшысы И. Тасмағамбетов

"Сіздермен тағы да кездескеніме қуаныштымын, әр келген сайын осы ілгерілеуді өз көзіммен көріп жүрмін. Жаңадан ғимараттар салынуда. Астана - өте қарқынды дамып жатқан қала. "ЭКСПО- 2017" көрмесіне орай қала түрленіп жатыр. Бұл шаһарды дамытуға өзіндік катализатор іспетті, белгілеген жоспарлардың іске асып жатқанына қуаныштымын. Осының барлығы бұған дейін айтылған ниет-тілектерге сәйкес болады. Көлік жүйесі саласында Сіздер қолжеткізген ілгерілеуді және көлік жүйесі әлдеқайда үнемді, анағұрлым экологиялық болатындай таңдаған шешімдеріңізді байқадым. Қатысушы мемлекеттер осыны үлкен артықшылық ретінде бағалайды деп сенемін", - деп қорытты Висенте Гонсалес Лоссерталес.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны