29.06.2017, 19:59 4075

Астанада ЭКСПО көрмесініӊ Грузия павильонында "Грузия туристік бағыты" атты тұсаукесер өткізілді

ЭКСПО-2017 көрмесіндегі Грузия павильонына келушілер елдіӊ туристік бағыттарыныӊ түр-түрімен, көркем жерлерімен, дем алу орындарымен танысатын болады. Сонымен бірге аталмыш тұсаукесер барысындатеӊіз, тау шаӊғы, бальнеологиялық курорт, минералды сулар, ЮНЕСКО мәдени мұрасы объектілері сынды туристік бағыттардыӊ сипаттамалары берілетін болады.

Астана. 29 маусым. Kazakhstan Today - 2017 жылғы 27 маусым күні Грузия павильонында "Грузия туристік бағыты" атты тұсаукесер өткізілді. Осы кездесуді Ұлттық Туризм Икімшілігі өкілдері Татия Хаиндрава и Тамар Вачнадзе ұйымдастырды.

Тұсаукесерде Грузияныӊ Қазақстандағы елшісі Зураб Абашидзе, Жапон павильоныныӊ директоры Хидекацу Шибамото, ЭКСПО-2017 көрмесіндегі Германияныӊ бас комиссары, Германияныӊ экономика және энергетика федералды министрлігініӊ ЭКСПО көрмелеріне қатысу саясат секция жетекшісі Дитмар Шмитц, Нидерланды павильоныныӊ директоры Эвелин Бижл және БАҚ өкілдері қатысты.

Грузия қазіргі таӊда әлем туристерін бірегей мәдениеті мен дәстүрлерімен, сұлу да көркем табиғатымен, дәмді тағамдарымен және жүзім шарабын дайындау шеберлігімен қызықтырады. Соӊғы кездері туристтердіӊ саӊы күрт артуда, 2010 жылдан бері туристтер ағыны 300%-ға өсті. 2016 жылы Грузияға 6 млн. турист келіп кетті (атап айтсақ, Грузия халқы 3 млн. 200 мыӊ адамды құрайды). Кеш барысында алтымиллионыншы туристтіӊ келуне орай "Грузиямен түскі ас" атты арнайы түсірілген бейнеролик көрсетілген болатын, ол сондай-ақ ү.ж. 17 мен 24 маусым күндері аралығында өткен "Канн жолбарыстары" Халықаралық жарнама фестивалінде Күміс және Қола жолбарыстарын ұтып алды.

Грузин туристік өнімімен таныстыру проекциялы промо-шоу түрінде күнделікті 3 шілдеден бастап сағат 10.00 мен 21.00 аралығында өткізілуде. Осынау ақпарат Грузияныӊ туристік әлеуетімен, жаӊа туристік бағдарлармен, іскер туризмдегі жаӊа ұсыныстарымен танысам дегендер үшін өте пайдалы болары сөзсіз.

ЭКСПО-2017 көрмесіндегі Грузия павильонына келушілер елдіӊ туристік бағыттарыныӊ түр-түрімен, көркем жерлерімен, дем алу орындарымен танысатын болады. Сонымен бірге аталмыш тұсаукесер барысындатеӊіз, тау шаӊғы, бальнеологиялық курорт, минералды сулар, ЮНЕСКО мәдени мұрасы объектілері сынды туристік бағыттардыӊ сипаттамалары берілетін болады.

Жер көлемі 70 мыӊ шаршы шақырым Грузия мемлекеті айтса айтқандай көркем табиғатымен, тарихи архитектурасымен жаныӊызды баурайды. Грузияда саяхатшыларға барлық жағдай жасалған. Павильон қонақтары үшін туристік инфрақұрылым, іскерлік туризмге (MICE) арналған еӊ танымал жерлер туралы ақпарат және осынау ғаламат ел туралы беймәлім әрі қызықты фактілер таныстырылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны