02.07.2018, 21:13 2959

Астанада "Елбасы. Маӊғыстау " атты кітаптыӊ тұсауы кесілді

Шілде айыныӊ 1 - 4 аралығында Маӊғыстаулық өнерпаздар Астана қаласыныӊ 20 жылдық мерекесіне орай "Жаӊғырған Маӊғыстаудан - жасампаз Астанаға" атты мәдени шаралар ұйымдастырып, бас қаламыздағы думанды кештердіӊ көркін қыздыруда.

Астана. 2 шілде. Kazakhstan Today - Шілде айыныӊ 1 - 4 аралығында Маӊғыстаулық өнерпаздар Астана қаласыныӊ 20 жылдық мерекесіне орай "Жаӊғырған Маӊғыстаудан - жасампаз Астанаға" атты мәдени шаралар ұйымдастырып, бас қаламыздағы думанды кештердіӊ көркін қыздыруда. 1-шілде "Ұлттық домбыра" күні мерекесіне Абыл Тарақұлы атындағы ұлт аспаптар оркестрі Қазақ елі алаӊын әуелеген әнмен көмкеріп, күмбірлеген күйге бөледі.

Мереке қарсаӊында "Өӊірлердіӊ Астанаға тартуы" бағдарламасы аясында Маӊғыстау облысы "Достық үйін" сыйға тартып, Астананыӊ 20 жылдығына ерекше тарту жасаған болатын.

"Астана - жалпыұлттық бірлік пен келісім қаласы", - деген Ұлт Көшбасшысыныӊ сөзін маӊғыстаулықтар сыйлаған маӊғаз ғимарат айшықтап тұрғандай. Достық үйіне арнайы барып, сәулеттік ерекешелігімен танысып, ішін аралаған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев елорданыӊ этномәдени орталықтарыныӊ өкілдерімен және Маӊғыстау облысыныӊ көрнекті қоғам қайраткерлерімен әӊгімелесті.

- Еліміздіӊ барлық өӊірінде Достық үйлері бар. Онда облыстардыӊ этномәдени бірлестіктері жұмыс істейді. Енді бас қаланыӊ да Достық үйі болады. Сіздерді осы айтулы оқиғамен құттықтаймын! - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Маӊғыстау облысыныӊ әкімі Е.Тоғжанов Мемлекет басшысына Достық үйініӊ эскиздік жобасын таныстырды. Онда кітапхана, музей, халықтық қолданбалы өнер шеберханалары, конференц-зал және тілдерді оқыту орталығы үшін арнайы орындар қарастырылған. Ғимараттыӊ жалпы аумағы - 4 мыӊ шаршы метр. Кездесу барысында Маӊғыстаулық қоғам қайраткерлері Мемлекет басшысы Н.И.Назарбаевқа "Елбасы. Маӊғыстау" атты жаӊа кітапты тарту етті. 1000 дана 5 бөлімнен тұратын тарихи хронологиялық кітап - Елбасыныӊ қамқорлығымен Маӊғыстау өлкесініӊ облыс мәртебесіне қайта ие болуы, тәуелсіздік жылдарындағы облыстыӊ гүлденуі және киелі түбектіӊ өткен тарихы жайлы сыр шертеді.

Бұл публицистикалық повесть - Қазақстан Республикасыныӊ Тұӊғыш Президенті - Елбасы кітапханасы мен Қазақстан Республикасыныӊ Тұӊғыш президенті Қоры ұйымдастырған "Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы" республикалық конкурсында жүлделі екінші орынға ие болды. Су жаӊа кітаптыӊ тұсау кесер рәсімі Астана концерт залында қала тұрғындарыныӊ қатысуымен өтті.


Маӊғыстаулық өнерпаздар ұсынған мәдени кеш бүгін Астана концерт залында жалғасын тапты. "Жаӊғырған Маӊғыстаудан - жасампаз Астанаға" атты өнер шеберлерініӊ мерекелік концертін қойылды. Онда Абыл Тарақұлы атындағы қазақ оркестрі, "Жорға" би ансамблі, мәдениет саласыныӊ үздіктері Асқар, Асанәлі Көшеровтер және "Мен Қазақпын!" мегажобасыныӊ бас жүлдегері Оспан Құлсымақ сынды бірқатар өнер майталмандары өнер көрсетті. Сондай- ақ, Астаналық жұртшылыққа "Табиғаты таӊғажайып - мұралы маӊғыстау" облыстық тарихи-өлкетану музейініӊ көрмесі ұсынылды. Шара барысында сөз алған Маӊғыстау облысыныӊ әкімі Ералы Тоғжанов: Президентіміз Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаев атап өткендей: "Жаӊа Астана - тәуелсіз Қазақстан үшін жарқын келешектіӊ нышаны", "Астана - Отанымыздыӊ жүрегі, тәуелсіздігіміздіӊ тірегі!".

Елбасыныӊ саяси көрегендігімен бас қала атанған, еліміздіӊ бойтұмарына айналған Астана тұрақты дамудыӊ, өсу мен өркендеудіӊ даӊғыл жолына түсті. Бүгінде көзді ашып - жұмғанша миллионнан астам тұрғыны бар болашаққа бой түзеген арман қалаға айналды.

Олай болса, Астана - егемендігіміз бен тәуелсіздігіміздіӊ символы, Отанымыздыӊ тірегі мен мақтанышы. Маӊғыстау жұрты Елбасымыздыӊ мән-маӊызы зор бағдарламаларына әрқашан қолдау білдіріп, елордамызды, елімізді көркейте түсуге атсалысып, үлес қосуды үлкен абырой, міндет санайды. Елордамыздыӊ гүлденіп, өркендеуіне өз үлесімізді қосу мақсатында күні кеше "Достық үйініӊ" ел игілігіне пайдалануға сыйға тарту етілді. Айтулы шараға Елбасымыз Нұрсұлтан Ибішұлыныӊ өзі қатысқан болатын.

Ал, 4-шілдеде "Этно ауыл" ұлттық мәдени кешені мен "Қазанат" ипподромында Маӊғыстау облысы шығармашылық ұжымдарыныӊ концерті өтеді.

Сондай-ақ, Қазақ оркестрлерініӊ V Республикалық "Серпер" фестивалі аясында Абыл Тарақұлы атындағы ұлт аспаптар оркестрініӊ концерттік бағдарламасы елордалық өнер сүйер қауымныӊ назарына ұсынылмақ.

Маӊғыстау облысы әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны