12.09.2012, 10:02 3006

Астанада елбасының қатысуымен АӨСШК мерейтойлық сессиясы ашылды

Іс-шараға қатысушылардың қатарында АӨСШК елдерінің сыртқы істер министрлері мен бірқатар халықаралық ұйымдардың өкілдері болды.

Астана. 12-қыркүйек. Kazakhstan Today - Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің мерейтойлық сессиясына қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Іс-шараға қатысушылардың қатарында АӨСШК елдерінің сыртқы істер министрлері мен бірқатар халықаралық ұйымдардың өкілдері болды.

Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде 1992 жылдың 5 қазанында БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясының мінберінде өз тарапынан Азия құрлығында ынтымақтастықтың түрлі салаларында өзара сенім шараларын әзірлеу үшін мемлекетаралық үнқатысу алаңын қалыптастыру туралы ұсыныс болғанын атап өтті.

"Бүгін, арада 20 жыл өткеннен кейін, АӨСШК, Азия құрлығының 90 пайыздан астам аумағын алып жатқан, біздің планетамыздың жартысынан астам тұрғыны тұрып жатқан 24 мемлекетті біріктірген, тиімді көпқырлы дипломатиялық форумға айналды. Мен осы бастамаға қолдау көрсеткені үшін барлық елдерге зор алғысымды айтамын. Сіздер осынау 20 жыл ішінде бізбен бірге ұйымды дамытуға атсалыстыңыздар. Сонымен қатар, Сіздерді АӨСШК 20 жылдығымен құттықтаймын және барлық қатысушыларға көрсетіп келген ұдайы қолдауы мен біздің форумның тиімділігін арттыруға қосқан зор үлесі үшін ризашылығымды білдіремін", - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті өткен жылдар ішінде мол іс атқарылғанын, нақты нәтижеге қол жеткізілгенін атап өтті. Екі жыл ішінде АӨСШК өз географиясын айтарлықтай кеңейтті. Вьетнам, Ирак, Бахрейн және Камбоджа Форумның жаңа мүшелігіне өтті. Бангладеш пен Филиппин бақылаушылар ретінде енді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны