04.07.2014, 20:08 3028

Астанада Елбасының қатысуымен Мемлекеттік ту көтерілді

Бүгін Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Мемлекеттік ту көтерілді, сондай-ақ, курсанттарға офицерлік погондар табысталып, Қала күніне арналған мерекелік шаралардың басталуы жарияланды.

Алматы. 4 шілде. Kazakhstan today. Бүгін Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Мемлекеттік ту көтерілді, сондай-ақ, курсанттарға офицерлік погондар табысталып, Қала күніне арналған мерекелік шаралардың басталуы жарияланды.

Мемлекеттік тудың Н. Назарбаевтың қатысуымен көтерілуі Қала күніне арналған мерекелерді ашудың дәстүрлі шарасы.

Шараның негізі Елбасы әскери оқу орындарының түлектеріне офицерлік погон табыстауында болды.

Ағымдағы жылы офицерлік қатарды тағы 12 үздік түлек толтырды. Оның ішінде Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты, ҚМ Құрлық әскерлерінің әскери институты, ҚР ҰҚК шекара қызметінің академиясы, ТЖМ Көкшетау техникалық институты, Ұлттық гвардияның әскери институты.

Жоғары Бас Қолбасшы Н. Назарбаев алғашқы офицерлік погонды 2008 жылы табыстаған болатын. Сол уақыттан бастап 45 түлекке погон табысталды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны