02.09.2009, 13:20 2787

Астанада есірткі жеткізіп сатумен шұғылданып келген ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды - ІІД

Астанада есірткі жеткізіп сатумен шұғылданып келген ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды - ІІД

Астана. 2 қыркүйек. Kazakhstan Today - Астанада тамыздың аяғында іске асырылған арнаулы операцияның барысында есірткі жеткізіп сатумен шұғылданып келген ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Астана қалалық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"29 тамызда кешенді жедел іздестіру және арнаулы іс-шараларлы жүзеге асыру барысында Астана қалалық ІІД-нің есірткі саудасымен күрес басқармасы, ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы мен "Арлан" арнаулы бөлімшесінің қызметкерлері Астананың аумағына есірткі жеткізіп сатумен шұғылданып келген ингуш ұлтының өкілдерінен тұратын ұйымдасқан қылмыстық топты жоюға бағытталған арнаулы операцияны жүзеге асырды", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелеріне қатысты 8 қылмыстық іс қозғалды, соның ішінде төртеуі - есірткінің заңсыз айналымына, төртеуі - есірткі сату дерегі бойынша қозғалған.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, топты жою барысында 140 грамнан астам героин тәркіленді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны