22.05.2018, 11:07 5164

Астанада "Эстонияныӊ электрондық денсаулық сақтау ақпараттық жүйесі: тәжірибе, сын-тегеуріндер және перспективалар" тақырыбында семинар ұйымдастырылды

Эстония - цифрлық мемлекеттік басқару, соныӊ ішінде электрондық денсаулық сақтау саласында әлемдік көшбасшылардыӊ бірі. 2008 жылы Эстония азаматтардыӊ туғанынан өліміне дейінгі барлық медициналық мәліметтерді жинақтайтын электрондық медициналық карталар жүйесін толық енгізген алғашқы ел болды.

Астана. 22 мамыр Kazakhstan Today - Мамырдыӊ 17-18 күндері Астана мемлекеттік қызмет хабыныӊ бастамасымен Эстония сарапшысы қазақстандық денсаулық сақтау, ақпараттық технология және мемлекеттік қызмет көрсету салаларындағы қызметкерлермен азаматтарға медициналық қызмет көрсетуде ақпараттық технологияларды қолдану тәжірибесімен бөлісті. Атап айтқанда, "Эстонияныӊ электрондық денсаулық сақтау ақпараттық жүйесі: тәжірибе, сын-тегеуріндер және перспективалар" тақырыбында семинар ұйымдастырылды.

Эстониядағы денсаулық сақтау саласында цифрлық технологияларды қолдану мен дамытудағы тәжірибелік тәжірибені Эстония Президентініӊ бұрынғы кеӊесшісі Мадис Тиик таныстырды. Мадис Тиик - Эстония электрондық денсаулық сақтау жүйесі әзірлеушілердіӊ бірі және электрондық денсаулық сақтау саласындағы реформаларды, түрлі зерттеулер мен жобаларды жүзеге асыруда үлкен тәжірибеcі бар.

Эстония - цифрлық мемлекеттік басқару, соныӊ ішінде электрондық денсаулық сақтау саласында әлемдік көшбасшылардыӊ бірі. 2008 жылы Эстония азаматтардыӊ туғанынан өліміне дейінгі барлық медициналық мәліметтерді жинақтайтын электрондық медициналық карталар жүйесін толық енгізген алғашқы ел болды. 2009 жылы Эстония бүкіл медициналық құжаттарды бір электронды жүйеге енгізуге мүмкіндік беретін денсаулық сақтау ақпаратымен алмасу механизмін іске қосты. Эстонияныӊ осы саладағы тәжірибесі Қазақстан үшін үлкен қызығушылық тудыруда.

Семинарға денсаулық сақтау министірлігініӊ жетекші қызметкерлері мен мамандары, медицина мекемелердіӊ бас дәрігерлері, Президент Икімшілігініӊ медицина орталығы, Астана қаласыныӊ денсаулық сақтау басқармасы, "Назарбаев Университеті", "Зерде" холдингініӊ және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы қызметкерлері қатысты.

Астана мемлекеттік қызмет хабымен қатар семинарды "Назарбаев Университеті" және "Қоғамдық аудит" Ұлттық серіктестік платформасы қауымдастығы ұйымдастырды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны