18.05.2018, 13:11 7886

Астанада Еуразиялық экономикалық одақ пен Қытай Халық Республикасы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды

2018 жылғы 17 мамырда Астана қаласында Астана экономикалық форумы алаӊында бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Қытай Халық Республикасы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Ол екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамытудағы қуатты драйверге айналуы тиіс.

Астана. 18 мамыр Kazakhstan Today - 2018 жылғы 17 мамырда Астана қаласында Астана экономикалық форумы алаӊында бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Қытай Халық Республикасы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Ол екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамытудағы қуатты драйверге айналуы тиіс.

Қазақстан Республикасыныӊ атынан Келісімге Қазақстан Республикасыныӊ Премьер-Министрініӊ бірінші орынбасары Асқар Мамин қол қойды.

Келісімді бекіту туралы келіссөздер екі жыл бойы жүргізілді.

Келісім ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер мен Қытайдыӊ арасындағы өзара сауданы жақсарту шарттарын құруға бағытталған, алайда ол бажды алып тастауды немесе бейтарифтік бөгеттерді автоматты түрде төмендетуді қарастырмайды.

Бұл шарт ішкі нарықты қорғау шаралары, саудадағы техникалық бөгеттер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар, кедендік ынтымақтастық, зияткерлік меншік, бәсекелестік, мемлекеттік сатып алулар саласындағы ынтымақтастық, салалық ынтымақтастық, электрондық сауда тәрізді көптеген саудалық реттеу мен ынтымақтастық саласын қамтиды.

Келісімге сәйкес тараптар ДСҰ деӊгейінде өзара тауар саудасындағы сауда режимін сақтау кепілдігі мен құқықтарын бекітті.

Сондай-ақ, Келісім арқылы ашықтық тетігі көзделген, ол құқықтық реттеу жүйесініӊ айқындығын, жалпы қолданыстағы шаралар және әкімшілік актілерді қабылдау үдерістерін, мемлекеттік органдардыӊ қызмет үдерістерін және т.б. қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, бұл ашықтық тетігі тараптардыӊ субсидиялар мен сауда шаралары туралы хабарландыруларды, сауда саласындағы ішкі реттеу туралы ақпараттарды алмасуына мүмкіндік береді.

Электрондық сауда саласындағы қол жеткізілген уағдаластықтардыӊ да маӊызы зор болып табылады. Келісім тұтынушылардыӊ құқықтары мен мүдделерін және олардыӊ жеке мәліметтерін қорғау деӊгейін арттырады және инновация саласындағы қағазсыз сауданы дамытудыӊ негізін қамтамасыз етеді.

Тұтас алғанда, Келісім ҚХР-мен анағұрлым тығыз сауда-экономикалық әріптестікке қарай ілгерілемелі қозғалыстыӊ негізі болуы тиіс. Келісім ақпарат алмасуды дамытудыӊ, бөгеттерді анықтау мен Қытаймен өзара сауданы ілгерілетудіӊ құралына айналуы тиіс, сондай-ақ қосымша ықтимал ынтымақтастық саласын іздестіруге ықпал ететін болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны